• Ақпарат
  • 06 Қазан, 2014

QIWI Терминалдарына жаңа банктік қызметтер қосылды

Қазақстан, Алматы, 6 қазан — QIWI тобы өз серверіне жаңа банктік қызметтер қосылғандығы туралы хабарлайды. Енді қолданушылар несиелерді ғана өтеп қоймай, QIWI Терминалдары арқылы депозиттерді, есеп шоттарды, сонымен қатар банктік карточкаларды толтыра алады.

 

Владимир Ким, Қазақстандағы QIWI бас директоры: «Біз қолданушыларымызға Қазақстан аумағында қолданыстағы кез келген банктердің клиенттері үшін QIWI Терминалдары арқылы қол жетімді болған жаңа банктік қызметтерді ұсынуға қуаныштымыз. Біз бұл сауалды өте мұқият қарастырдық және біздің әрекетіміздің нәтижесі сапалы өнім болды: тез, қарапайым, түсінікті және қолайлы».

 

Қызметті қолдану үшін «Несиелерді өтеу және басқа банктік қызметтер» санатына кіріп, банкті таңдап, не бары екі параметр ЖСН және IBAN енгізу қажет. Бұл жағдайда бұл мәліметтер бірінші ретте ғана қажет, кейін сол жақ төменгі бұрыштағы «Мен төлегенмін» батырмасын басып, ұялы телефонның нөмірін ғана енгізуге болады. Қызметтердің кез келгені бойынша терминалдық сервистік алым 2% (алымның минималды сомасы — 100 теңге) құрайды.

 

Қолданушыларға арналған жаңа өнімдердің артықшылықтары:

 

  • қолайлылық және қол жетімділік — QIWI Терминалдары Қазақстан аумағында жер-жерде орналасқан;
  • сенімділік – төлемдер әрқашан екі күн ішінде жетеді;
  • QIWI Терминалдарының жұмыс кестесі тәулік бойы;
  • қолдану қарапайымдылығы – екі сәйкестендіргіш және одан аз.

 

Кері байланысуға арналған ақпарат:

 

Дёмина Елизавета, Қазақстанда QIWI қоғаммен байланысы жөніндегі менеджер

 

Тел.:  +7 (727) 356-12-12, қос.: 5923 Moб.:  +7 (771) 553 53 62 E-mail: y.dyomina@qiwi.kz

 

QIWI төлем сервисі туралы

 

QIWI — Ресей және ТМД елдеріндегі жаңа буынның жетекші төлем сервисі, оған жеке, Интернет және ұялы байланыс каналдары арқылы төлемдерді жүргізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған төлем желісі тиесілі. Ол 15,8 млн астам виртуалды әмияндардан және 171 000 астам дүңгіршектер мен терминалдардан тұрады. Ай сайын QIWI көмегімен сауда компаниялары желі қызметтерін айына бір реттен кем емес қолданатын 70 млн астам клиенттерден 50 млрд. руб. астам сомаға төлемдерді қабылдайды. QIWI клиенттері жеке және электрондық төлем құралдарын кезектесе қолданып, тауарлар мен қызметтер тапсырысы және төлемі үшін қолма-қол, алдын ала төленген карталар және басқа қолма-қол ақшасыз есеп айыру тәсілдерін қолдана алады.

623 рет

көрсетілді

43

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы