• Бизнес & Қоғам
  • 15 Желтоқсан, 2011

Алматыда тағы бір зауыт ашылды Мақпал САҒЫНДЫҚ

Бүгінде елімізде жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың саны көбею үстінде. Жыл өткен сайын жаңа өндіріс орындарының бой көтеруі ел экономикасының барынша ілгері жылжуына үлес қоспақ. Үкімет бекіткен 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тағы бір зауыт ашылды. Алматы қаласында орналасқан «АлмаЗИТ» - еліміздегі құбыр өндірісін дамытатын бірегей зауыт болмақ.

«Жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» жобасы аясында жүзеге асып отырған бұл жоба еліміздің Индустрияландыру картасына енген. «АлмаЗИТ» жекелеген құбыр өндірісінің зауыты пенополиуретаннан жылуды сақтайтын фасон өнімдерін өндірумен, сондай-ақ жекелеген құбырларды тасымалдау қызметімен айналысады. Қазақстандық зауытта өндірілетін бұл құбырлар жер астындағы жылу желілерін аралық жалғаусыз, 140 градус температурадағы сұйықтықта және қысымы 1,6 Мпаға дейін баратын жылуды қозғауға есептелініп шығарылады. Алматы қаласының бүгінгі жағдайына байланысты елімізде шығарылатын бұл құбырлардың тигізер пайдасы жетерлік.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне пенополиуретенмен қапталған 675 метрлі өнім шығаруға есептелген. Диаметрі 32-1020 мм болатын бұл трубалардан түрлі қалыптағы 50-120 фасонды бұйымдар да жасауға болады. Аталған бұйымдар жылутрассалары мен желілерді жүргізу жұмыстарында ерекше пайдаланылады.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Алматы қаласында құны 257,5 млрд теңге шамасында 28 жоба қарастырылған-ды. Былтырғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде 4 жоба іске асырылып, барлығы 33 млрд қаражат жұмсалған болатын. Яғни, жасанды бүйрекке қажет ерітінді шығаратын «Бирунифарм» ЖШС, тау шаңғысы курортының құрылысын жүргізетін «Медеу-Шымбұлақ» ЖШС, сонымен қатар, қатқыл және сұйық дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Нобел АФФ» акционерлік қоғамы және орта буынды қамтамасыз ететін «Талес Қазақстан Инжиниринг» компаниясы аталған жобаларды жүзеге асырды. Ал үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласында жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды. Атқарылған әлеуметтік жобалар арасында «Обис» компаниясы» ЖШС, «Шебермикс» ЖШС, «Алматы ашытқы зауыты» сияқты кәсіпорындар бар.

Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Алматы қаласында индустриалды-инновациялық 4 жобаны жүзеге асыру қолға алынуда. Жалпы құны 167,1 млрд теңгені құрайтын жоба қатарына метроның бірінші кезегі, медициналық заттар шығаратын «Алмерек» ЖШС, кронен жапқыштар мен алюминий қалпақшаларын дайындайтын «Капсинтэл» АҚ мен қалдықсыз өнімнен пленка жасайтын «АзияПластСервис» ЖШС, сондай-ақ «ТриЭс плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері еніп отыр.

655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы