• Ақпарат
  • 08 Қазан, 2014

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЗАЛДЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ

Алматыда 2014 жылғы 07 қазанда «БЖЗҚ» АҚ-ның жаңа бөлімшесі ашылды. Жалпы ауданы 324 ш.м. заманауи офис Төлебаев 38/61 көшесінде ыңғайлы орналасқан (Қонаев көшесі жағынан кіреді, Мақатаев көшесінің бұрышы).

Бұл жерде Қор клиенттеріне қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған. Салымшыларға/Алушыларға қызмет көрсетілетін орыннан бөлек жайлы күту залы ұйымдастырылып, кезекті басқарудың электрондық жүйесі орнатылған. 2015 жылдың алғашқы жарты жылында қызмет көрсету офисін қосымша өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарымен жабдықтау жоспарланып отыр.

 

Заманауи, техникалық тұрғыдан жабдықталған БЖЗҚ бөлімшелерін ашу – Қордың стратегиялық міндеті және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кезекті сатысы, атап айтқанда: зейнетақы жүйесінің халықты қамту ауқымын кеңейту, зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын көтеру.

 

БЖЗҚ-ның жаңа операциялық залы Алматының көне орталығында, сауда үйлерінің, қаланың басты нарығы мен тұрғын үй кварталдарының жанында орналасқан. Алматы мен мегаполиске жақын аудандардың тұрғындары Қордың шарт жасау, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу, ЖЗШ-дан үзінді көшірмелер алу, хабарландыру тәсілін ыңғайлысына өзгерту, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беру сияқты қызметтерін тез әрі ыңғайлы пайдалана алады.

 

– Қор көрсететін қызметтердің әлеуметтік маңызын ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін көтеру мәселесіне баса назар аударуда, – деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ Құжаттамалық қамтамасыз ету және өңірлік желіні басқару департаменті директорының орынбасары Сергей Гилёв. – Біз жаңа ыңғайлы әрі заманауи офистер біздің клиенттерге қызмет көрсету деңгейін жаңа белеске шығаруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына лайықты бағасын береді деген үміттеміз.

 

Мәлімет үшін:

 

Алматы қаласындағы БЖЗҚ офистеріне келетін салымшылдардың/алушылардың орташа саны:

 

  • күніне – 1300 адамнан асады;
  • айына – 30 000 адамнан асады.

 

 

 

Алматы қаласындағы орындардың жалпы саны – 7 бөлімше.

 

 

 

Алматы қаласындағы «бжзқ» ақ офистерінің байланыс деректері:

 

Алматы қаласындағы филиал

Мекенжай: Фурманов көш., 175 (Құрманғазы көш. бұрышы)

Телефон: 8 (727) 261 11 63, 261 11 53, 261 11 48

Email: almaty@gnpf.kz

№ 1 бөлімше

Мекенжай: Әуезов ауд., Ақсай 1 ы/а, Төле би көш., 15 «Б», 209 офис (Сайын көш. бұрышы)

Телефон: 8 (727) 381 18 66, 230 87 87

Email: almaty_ap@gnpf.kz

№ 2 бөлімше

Мекенжай: Түркісіб ауд., Спартак көш., 30, 304, 305 офис

Телефон: 8(727) 251 17 97, 236 66 69

Email: turksib@gnpf.kz

№ 4 бөлімше

Мекенжай: Алатау ауд., Шаңырақ-2 ы/а, Жанқожа Батыр көш., 25

Телефон: 8(727) 395 52 61, 246 50 86

Email: almaty_alatau@gnpf.kz

№ 5 бөлімше

Мекенжай: Алмалы ауд., Мұқанов көш., 223 «В» (Төле би көш. бұрышы)

Телефон: 8 (727) 378 38 35, 378 38 36

Email: almaty@gnpf.kz

БӨЛІМШЕ

Мекенжай: Медеу ауд., Төлебаев көш., 38/61, литер В (Қонаев көшесі Мақатаев көш. бұрышы)

Телефон: 8(727) 271 01 49, 271 01 38, 271 01 48.

№ 7 бөлімше

Мекенжай: Бостандық ауд., Әуезов көш., 82 ( Мыңбаев көш. бұрышы)

Телефон: 8(727) 250 83 90, 250 67 44

Email: almaty@gnpf.kz

 

 

 

БАҚ үшін байланыстар:

 

marina_a@enpf.kz, teplih_m@enpf.kz, a.kuanov@enpf.kz

 

Асан ҚУАНОВ

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы