• Бизнес & Қоғам
  • 08 Қыркүйек, 2011

«Ақбұлақ» аясында айшықты істер атқарылды Мақпал САҒЫНДЫҚ

«Судың да сұрауы бар» деп дана халқымыз айтқандай, бүгінде ауыз су төңірегіндегі даулы мәселелер кең етек жайып барады. Халықтың тұрмыстық жағдайын арттыру мақсатында Үкімет бекіткен әлеуметтік бағдарламалар ішінде ауыз су мәселесі де толықтай бір шешімге ие болмауда. Соның салдарынан шет өңірдегі ауыл тұрғындары ішетін суға жарымай отырғандығын көріп те, естіп те жүрміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа арналған Жолдауында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жағдайына ерекше тоқталған болатын. Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауылды жердегі халықтың сумен қамту орталығының жүйелеріне қолжетімділігі 41 пайызға, қалалық өңірде 72 пайызға дейін артқан. Нәтижесінде суды тасып ішетін тұрғындар саны 4 есеге дейін төмендегенді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұйрығымен 2010 жылдың 9 қараша айында бекітілген «Ақбұлақ» бағдарламасы үстіміздегі жылдың мамырынан бастап жүзеге асуда. Іске қосылған әлеуметтік бағдарлама аясында ел өңірінде ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап табылатын күннің туарына да санаулы уақыт қалды... Үкімет тарапынан бөлінген көлемді қаржыны жүйелі түрде іске асыру арқылы халықтың ауыз суға деген мұқтаждығы нақты орындалады деген үмітіміз де жоқ емес.

Еліміздің батыс өңірінде былтырғы жылдан бастап «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерін ауыз сумен қамту» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл әлеуметтік жоба негізінде 6 нысан салынып, 59,53 шақырымдық су құбыры тартылды және үш су ұңғымасы қазылған. Сөйтіп өткен жылдың көрсеткішіне жүгінер болсақ, бағдарлама нәтижесінде сапалы сумен 9465 тұрғын қамтамасыз етілді. Осы жылы Батыс Қазақстанда барлығы 11 жоба іске қосылды. Солардың ішінде Ақжайық ауданына қарасты Мерген, Есенсай ауылын сумен қамтамасыз ету және су құбырын орнату құрылыстары бар. Республикалық қазынадан бөлінген 1 982 514 мың теңге 30 инвестициялық жобаның құрылысына бөлініп отыр. Облыстың бірқатар ауданына қарасты – Ханкөл, Жарсуат, Погодаев, Шағатай, Жұлдыз ауылдарында ауыз су мәселесіне барынша көңіл бөлніп, су құбырын тарту жұмыстары басталуда.

Сондай игі шаруалардың алғашқы бастамасы Алматы облысының орталығы – Талдықорғанда да өз жалғасын табуда. Орталықтан шалғайда орналасқан «Көктал» тұрғын үй ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету жуықта орындалады деп күтілуде. Аталған ауданға «Өте сенімді құрылыс» ЖШС мамандары тікелей басшылық етіп, су тарту жұмыстарын өз еншілеріне қалдырып отыр. Ішер суға зар болып отырған қарапайым халықтың қауқарсыз қадамынан әзірге еш өзгеріс болмауда, себебі мұндай мәселеге тап келген тұрғындар ел өңірінде жетіп артылады. «Ақбұлақ» 2020 жылға қарай елді мекендерде – 80 пайыздық, ал қалалық жерлерде – 100 пайызды көрсеткішке тең орталықтандырылған сумен халықты қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Жоспар толығымен іске асқан сәтте әр жанұяға тәулігіне 24 сағат бойы ауыз су жеткізіліп тұратын көрінеді. Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бішімбаев: «Ақбұлақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – су шаруашылығы секторына инвестициялық қызығушылықты арттыру, сумен қамтамасыз ету және суды бұру нысандарын қаржыландыру арқылы жеке капиталдарды тарту болмақ. Республикалық бюджеттен биылғы жылға – 85 млрд, 2012-2013 жылдарға 122 млрд теңге бөлініп отыр. Толығымен іске асыру жұмыстарына 1,2 трлн теңге бөлу жоспарда бар. Мұндай көлемді қаражат бұрын-соңды қарастырылмағандықтан, маңыздылығы басым бұл әлеуметтік бағдарламаны нақты қолға алу көзделіп жатыр», - деді.

Үкімет бекіткен бағдарлама Қызылорда облысында да өз қолдауын табуда. Мәселен биылғы жылдың өзінде әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға 9 млрд теңге қаражат бөлінуде. Берілген қаржыға жұмысы істеліп жатқан Арал-Сарбұлақ топтық су құбырының 5-кезеңінің құрылысы, Қызылордадағы ауыз су және кәріз жүйелерінің қайта жаңарту істері, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық су құбыры тармақтарының құрылыстары жалғасын табуда. Қазіргі уақытта 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының алғашқы жұмысын орындау барысында жалпы құны 12,1 млрд тұратын 40 жоба ұсынылды. Бұл жоба жүзеге асатын болса, Қызылорда қаласына қарасты 150 мыңға жуық тұрғыны бар 34 елді мекенінде ауыз су жүйесі жақсарып, халықты қуантарлық игі шаруаның нәтижесі көрінетін болар деген үміттеміз.

877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы