• Бизнес & Қоғам
  • 15 Желтоқсан, 2011

ӘУЕНІМЕН ӘУЕЛЕТЕР САЗДЫ САҒАТ Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Өзге сағаттар уақытты көрсетіп, тек «тықылдайтын» болса, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ғимаратында орналасқан қалалық мұнара сағат әр 60 минут сайын қала халқын ерекше әуенімен әуелетеді.

Әлемдік және қазақстандық классикалық музыкаларды шарықтататын сиқырлы сазды сағат – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына Қазкоммерцбанктің жасаған 14-тартуы. «Біз үшін қаланың жақсы жаққа қарай өзгеруі маңызды», – деп ағынан жарылған «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Басқарушы директоры Мағжан Әуезов: «Сағат, ол өзінше бір әр түрлі уақыт пен мәдениеттің, әр кезеңдегі алматылық буынның жалғасының белгісі болмақ» деген лебізін де білдірді.

Сазды сағат 2009 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ бастамасымен қолға алынған. «Бұл бастаманы біз бірден қолдадық», – деген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның проректоры Игорь Веселовскийдің мәлімдеуінше, екі жыл бұрын қолға алынған бұл істі жүзеге асыру үшін бастапқыда қажетті механизмді жеткізушілер табылмай, жұмыс шегерілсе, одан кейін дағдарысқа байланысты жобаны қайта қолға алу мүмкіндігі болмаған. Міне, осылай кейінге қалдырылған ерекше сағаттың механизмі ағымдағы жылдың қазан айында толығымен ауыстырылып, дизайны өзгертілді. «Бізге Аустрия, Германия елшіліктері көмектесті, олардың көмегімен фабрикамен байланыстық. Механизмнің бағасы қолайлы болғандықтан, бәрін пысықтап, фабрикаға жазып жібердік, осылай олардан да ұсыныс түсті», – деген Игорь Веселовский: «Әуенді Аустрияда жасалған 13 қоңыраудан құралған күрделі конструкция шығарады, оларға музыкалық клавиатураның 13 түймесі сәйкес келеді, ол өз кезегінде компьютерге қосылған», – деп сағаттың сиқырлы сырын ашты. Демек әуенді таңдап, теріп, сағаттың әуенін басқару оған орнатылған компьютер бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ сағат механизмі GPS-навигация құралымен жабдықталған, ол уақыттың дәлдігін бақылауды қамтамасыз етеді. Жарық-диодты циферблатты электрондық басқарудың арқасында сағат қараңғыда жарқырап көрініп тұрады. Алыстан көз тартып, ерекшеленіп тұрған сазды сағаттың жұмысын австриялық Schauer&Sachs күрделі конструкциясы қамтамасыз ететін болады.

Жалпы құны –100 мың € болатын жоба Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Қазкоммерцбанк» АҚ, Алмалы ауданы әкімдігінің, «Құс жолы» қайырымдылық қорының және «Наш город» анықтамалығының қолдауымен ұйымдастырып, жүзеге асырылды.

527 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы