• Өндіріс
  • 15 Қазан, 2014

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ БИІК БЕЛЕСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысын аралаған жұмыс сапары кезінде үдемелі индустриалды-инновациялық Мемлекеттік даму бағдарламасы аясында салынған Ақтау битум зауытының тыныс-тіршілігімен де кеңірек танысқан еді. 

Бұл – жол құрылысы саласының сұранысын жоғары сапалы жол битумымен қамтамасыз етуден көш бастап жүрген іргелі кәсіпорындардың бірі. Битум зауыты 2013 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен индустриаландыру күні аясында іске қосылған болатын. Оның жобалық қуаттылығы – жылына 1 млн. тонна техникалық сипаттамасы бойынша жоғары сапалы жол битумдарын өндіру үшін ең ұтымды шикізат «Қаражамбас» кен орыны мұнайын өңдейді.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында зауыт жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізді (тәуліктік жүктемесі 3000 тонна). Жыл басынан бері зауыт 131 мың тонна жол битумдарын шығарды. Бұл дегеніміз 400 шақырым жол төсеніші (яғни екінші дәрежелі – 2 тізбекті жол). Жобалық қуаттылығына шыққан зауыт еліміздің жол битумдарына сұранысын толық қамтамасыз ете алады (басқа да отандық өндірушілердің өнімдерін қоса алғанда). Салыстыру үшін, 2013 жылы Қазақстанға битум импорты 202 мың тоннадан  астам көрсеткішті құрады.
Зауыт өнімдері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәліздері, «Астана – Павлодар», «Астана – Теміртау», «Шымкент – Қызылорда», «Атырау – Ақтау» секілді республикалық маңызы бар көлік жолдарына төсеу үшін жеткізіледі.
Ақтау зауытының битумы барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттар (СТҚР 1373-2013) талабына және ең үздік халықаралық үлгілерге сәйкес. Қазіргі кезде Ақтау битум зауытында полимерлі-модификацияланған битум өндіруге дайындық жүріп жатыр. Бұл бұрын Қазақстанда шығарылмаған және жол құрылысында қолданылмаған инновациялық жаңа жол материалы болып табылады.
Полимерлі-модификацияланған битум ыстық-суыққа өте төзімді және көлік жолдарының ұзақ қызмет етуіне жағдай туғызады. Сондай-ақ, ол жақсартылған көрсеткіштеріне сай жол төсенішінің қызмет ету мерзімін 1,5 - 2 есеге арттырады.
Тасымалдау кезінде битум сапасын сақтау үшін Қазақстанда тұңғыш рет Ақтау битум зауытында жол битумдарын бір рет қолданылатын көліктік  құтыларға «Биг-Бег» 1000 кг. және пластикалық қаптарға 40 кг. құю технологиясы енгізілді.
Қапталған салқын битумды қолдану әдісі өнімнің сапасын сақтап қана қоймай, асфальт-бетон зауыттарында сол битумды өзінің битум қоймаларында ерітілген күйде ұстап тұруға жұмсалатын энергияны үнемдей алады және энерготиімділік мәселесін де шешуге ықпал етеді. 
Жыл сайын зауыт 400 мың тоннадай қышқылданған және 120 мың тонна модификацияланған жол битумын шығарады. Битум зауытының мұндай биік белеске көтерілуіне заманауи жаңа үдеріс – индустриалды--инновациялық даму бағдарламасының тигізіп отырған көмегі орасан.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы