• Қаржы
  • 15 Қазан, 2014

Тиыннан теңге құрауды үйрететін газет

Әр адамның күнделікті ойлайтыны күнкөріс қамы. «Үш жылдығын ойламаған еркектен без, үш күндігін ойламаған әйелден без» деген қазақ мақалының философиялық ой-түйіні осы күнкөрісті меңзегені болар. Айналып келгенде, еңбек ет, табыс тап, отбасыңның  қамын ойла, өмір сүруді үйрен деген қағидаға саяды. Бірақ, күнкөрістің өзі де, осы заманда оңай болып тұрған жоқ, қай жағыңа қарасаң да нарық деген қыспаққа алып, табыс табудың өзін қиындатып жіберді. Бұндайда, жол көрсетіп, жөн сілтеп отыратын ақылшыңның болғаны жөн сияқты.

Ол ақылшыңның қандай болғаны дұрыс, ақыл айтып, жол көрсетіп әр үйге барып, әр үйдің проблемасын жеке-жеке шешіп бере алмайтыны ақиқат және мүмкін емес. Тоқта. Сонда, басқа жол жоқ па? Әрине бар. Бұл күнделікті үкіметтің жалпы жұмыссыздықты жою жолындағы «Жол картасы» және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды, сонымен қатар халыққа күнкөріс қамының шешу жолдарын үйді-үйге жеткізетін және әлеуметтік мәселелерден хабардар ететін бұқаралық ақпарат құралдары, яғни БАҚ.  БАҚ-тың өзі де ақпаратты тарату мен жеткізуде әр салаға бөлінеді, бір ғылымды, бірі білімді, бірі спортты тағы сол сияқты. Ал, күнкөрісті күнделікті, апталық, айлық, жылдық, кейде өмір бойы қамтамасыз ету шешімін хабарлап, ол туралы өрелі ой туғызып және сенімді сілтеме жасайтын халық хабаршысы – Экономика газеті.  Экономика газеті «Қазақ газеттері» топтамасындағы айшығы биік, ел экономикасының өрлеуін, дамуын, асқақтауын ақпарттандыруда елеулі үлес қосып келе жатқан ел газеті. Әрине, газеттің оқырманы арасында беделінің артуы, газетті шығарушы азаматтарға және ұжымға байланысты. Берілетін материалды шындықтың ащы суына суарып, таратылып жазылатын мәселе таңдай қақтыратындай, бос бөспе сөз емес, сүйекті сырқырататын, өкпек желдей кеудеңнен тесіп өтетін, «айтылған сөзі, атылған оқтай» болатын, барлық көтерілген түйіні шешілмеген күнкөрістің күрмеуін шешетіндей болу тиіс. Аптада, аңсатып бір рет шығатын экономика газетін, қобалжып күтетін себебім, Егеменді Қазақ елінің, экономикасының саясатқа қарай құбылысы алаңдатады. Жиырма үштегі жасы бар төл теңге ғұмырының осы экономикаға байланыстылығы, оның ғұмырының «Мәңглік ел» бағдарламасына сай, мәңгілік болғанын қалаймын. Экономика газетіндегі Қазақстан Республикасының әл-ауқатын саралайтын мақалаларды сараптаймын, болашағыма барымша болжау жасауға тырысамын, күнделікті күн көрісімінің жақсы жағына қарай ілгерілеген қалаймын.  Шыным сол, осы газеттің мақалаларын оқи отырып, ел экономикасының жақсы жағын сезіп, шың басына шықандай боламын, нашар жағына сезіп, құздың  шетінде тұрғандай әсер аламын. Тұрмыс тілімен айтқанда «тиыннан теңге құрастыруды» үйрететін газеттің Қазақ еліне қызмет еткенін қалаймын. Күнкөріс қамының күнделікті күрбеңімен жүрген оқырмандарды және барша жұртты, экономика газетін оқуға шақырамын.
Мұханбет-Шәріп КЕНЖЕБАЙ, 
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің инженерлік факультетінің  машина пайдалану кафедрасының  қауымдастық профессоры

965 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы