• Өндіріс
  • 22 Қазан, 2014

БИОГАЗ ӨНДіРЕТІН ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ шаруашылық қажеттеріне өте тиімді

«Шымкент-инновация» ЖШС мамандарының  ізденісті жұмыстарының нәтижесінде  Оңтүстік Қазақстан облысында биогаз өндіретін биоэнергетикалық қондырғы орнатылатын болды.

Қазіргі кезде жобаны енгізудің барлық мәліметтері жиналып, жұмыс жоспары жасалды. Биоэнергетикалық қондырғылар құрылысы – ауыл шаруашылығындағы өзекті проблемалардың бірі. Бұл қондырғы  мал және құс шаруашылығы фермалары  қалдықтарының  жиналып қа­луын шешеді.


Алдын ала мәліметтер бойынша, ірі шаруа қожа­лықтары мен бордақылау алаңдары тәулігіне кемінде 1 МВт/сағат электр энергиясын және 30 тонна қатты және сұйық тыңайтқыштарды өндіре алады екен. Бұларды шаруашылық  мақсатқа тыңайтқыш түрінде  пайдаланудың маңызы зор.
Осыны ескерген «Шымкент-инновация» мамандары ұсақ шаруа қожалықтарының да  мүмкіндіктерін кеңінен зерттеді. Мұндай 100 басқа жуық іріқара ұстайтын шаруашылықтар  өндіріс қалдықтарынан тәулігіне 1,5 тонна көлемінде биотың тыңайтқыш өңдей алады. Әуелі «Ордабасы құс» және «Шымкент құс» компанияларының қатысуымен тәжірибелік сынақтар жүргізілді.
Тыңғылықты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде   қыркүйек айында «Шымкент құс» ЖШС-да жобаны іске асыру тәжірибесі басталды. Құс саңғырығы тех­нологиялық үдерістің барлық кезеңдерінен өткеннен кейін биогаз және биологиялық тыңайтқыш алуға болатындығы дәлелденді.
Биогаз өндіретін жаңа қондырғы осылайша Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.  Жақсы тәжірибе қашан да көпке ортақ емес пе? Ауыл  шаруашылығы өндірісіндегі мұндай озық бастама, өнегелі тәжіри- белердің өзге де аймақтарда өріс алары сөзсіз. «Шымкент-инновация» ЖШС мамандары қазір өз тәжірибелерін кеңі­нен тарату үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Ыбрай Емендәулет

1215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы