- Ақпарат
- 03 Қараша, 2014
Қазақстандағы интернет-маркетинг: бизнес ақшаға одан да көп ақшаны қалай таба алады?
31 қазанда «Online Advertising:Бизнеске арналған контекстік жарнама және SEO» конференциясы шеңберінде «Қазақстандағы интернет-маркетинг: бизнес ақшаға одан да көп ақшаны қалай таба алады?» тақырыбына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Rixos Almaty қонақ үйінде Қазақстандық интернет-бизнес және мобильдік коммерция қауымдастығының, Choco Family холдингінің, сондай-ақ, “Колёса” және Netpeak компанияларының өкілдері интернеттегі ілгерілетуді бизнес үшін қалай барынша табысты етуге болатынын талқылады.
Баспасөз мәжілісі шеңберінде келесі спикерлер сөз сөйледі:
- Константин Горожанкин (Қазақстандықинтернет-бизнесжәне мобильдік коммерция қауымдастығы),
- Артем Бородатюк (Netpeakкомпаниясыныңбас директоры),
- РамильМухоряпов (ChocoFamily холдингінің бас директоры),
- Николай Бабешкин (“Колёса”компаниясыныңбас директоры),
- Дмитрий Гончаров (NetpeakҚазақстанның дамыту жөніндегі директоры).
Олар іздеу жүйесі үшін сайтты оңтайландыру(SEO) және контекстік жарнама (PPC) секілді желіде ілгерілетудің ROI-ға (инвестицияның қайтарымдылығы) бағдарланғанқұралдарын қазақстандық бизнесті дамыту үшін пайдалану мәселесін талқылайды.
«Netpeak Қазақстан» халықаралық агенттігі 8 жылдан аса уақыттан бері Ресей, Украина, Қазақстан, Болгариядағы клиенттермен жұмыс жасап келеді. «Халықаралық нарықтағы тәжірибеге қарап отырып, біз желіде бизнесті ілгерілетуге арналған ең жоғары нәтижені беретін үш құралды анықтадық, - дейді агенттіктің бас директоры. – Біз өз жұмысымызда осы құралдардың екеуіне назарымызды шоғырландырамыз, бұл құралдар – іздеу жүйесі үшін сайтты оңтайландыру және контекстік жарнама».
Артемнің пікірінше, Ресей мен Украина нарықтарымен бір деңгейге шығу үшін қазақстандық интернет-маркетинг нарығына сапа мен нәтижелілікті арттыру қажет. «Біздің осы мақсатқа жету үшін қосатын ерекше үлесіміз - тар бейінді Online Advertisingконференциясын өткізу», - деп қосты ол.
«Online Advertising: Бизнеске арналған контекстік жарнама және SEO» кейс-конференциясында Ресей, Украина және Қазақстаннан беделі жоғары 20 спикер өз баяндамаларымен шығады. Олар шағын және орта бизнес өкілдеріне, интернет-дүкендердің иелері мен интернет-маркетологтарға контекстік жарнама және сайтты іздеу жүйесіне оңтайландыру арқылы табысты арттырудың жолдары туралы айтып берді.
Анастасия Здорикова

798 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *