• Бизнес & Қоғам
  • 08 Қыркүйек, 2011

60 отбасыға - жаңа үй

Биыл Батыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 4200 шаршы метр тұрғын үй құрылысына 294 млн. теңге несиелік қаржы бөлінген. Алпыс отбасыға арналған тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы 70 мың теңгеден және бұл құрылыс нысанына қажетті коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға 84 млн. теңге бөлінді.

- Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы экономикалық әлеуеті төмен алыс ауыл-аймақтардағы тұрғындарды экономикалық өсу нүктесі саналатын ауылдарға көшуге жәрдемдеседі. Биыл облысымыздың екі ауданында пилоттық жоба қолға алынды. Соған орай Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында ауданы 70,8 ш.м. 60 бір пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүреді. Бөлінген қаражатқа әрқайсысы 20 үйден тұратын үш шағын аудан құрылысы салынады. Бүгінде «Настур» ЖШС-мен 60 тұрғын үйді салу жөнінде келісімшарт жасалған. Құрылыс алаңында жерді дайындау жұмыстары аяқталып, үйлердің іргетастарын құю жұмыстары басталған. Мердігер жыл аяғына дейін тұрғын үйдің құрылысын бітіріп, пайдалануға тапсыруды межелеп отыр, - деді облыстық құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің бастығы Әнуарбек Мүкеев өз әңгімесінде.

Айтқандай, Бөрлі ауылында 4 мыңнан астам халық тұрады. Ауылдың жанымен Орал-Орынбор республикалық көлік жолы өтеді. Аудан орталығы Ақсай қаласы ауылдан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Өткен жылы бюджет қаражаттары есебінен 70 орындық қазақ мектебі салынған. Ауыл шаруашылығы дамыған. Мұндағы табиғи-климаттық жағдай көкөніс өсіруге қолайлы. Бөрліге көшіп келетіндер жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облысы

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы