• Қаржы
  • 18 Желтоқсан, 2014

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті тарапынан еліміздегі мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік сатып алулар туралы заңдылықтың сақталуын қадағалау жұмыстары талапқа сай жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыда Алматы қалалық қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемелер,   квазимемлекеттік сала кәсіпорындары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын тексеру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп келеді.
Мемлекеттік сатып алулар бюджеттік қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау, бұл үдерісте жабдықтаушылардың бәріне бірдей мүмкіндік беру, ықтимал жабдықтаушылар арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен жариялылығы секілді   құқықтық реттеудің бірнеше ұстанымдарына негізделген.  
Әдетте, тексерулер барысында мемлекеттік сатып алулар үдерісінде тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар түрлі заң талаптарын бұзушылықтарға жол беретіндігі анықталады. Сонымен қатар қандай да бір байқауда жеңіске жету мақсатында өздерінің конкурстық өтінімдерін жасау барысында ықтимал жаб­дықтаушылар тарапынан да қолда­ныс­тағы заң талаптарының бұзылуына жол берілетіндігі, тіпті кейде бұл салмақты сипатта орын алатындығы анықталып жатады. 
Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада ықтимал жабдықтаушылардың конкурстық өтінімде мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт бойынша алған міндеттемелерін орындауға жеткілікті мате­риалдық, қаржылық және еңбек ресурстары барлығын дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы қарастырылған. 
Алайда тексерушілер Алматы қалалық құрылыс басқармасында мемлекеттік бағ­дарлама бойынша салынатын жалпы сомасы 1 млрд 400 млн теңге болатын көппәтерлі бірнеше тұрғын үй құрылысына байланысты электрондық байқау өткізу барысында жеңімпаздардың бірінің конкурстық өтінімінде экскаваторлар, «КамАЗ» жүк түсіруші машиналары, сүргіш тракторлар, тегістеуші құралдар,  автогрейдерлер, тракторлар мен құбыртөсегіштер секілді құрылыс техникаларын жалға алу туралы субмердігермен жасалған келісім-шарттың көшірмелері табылғандығын, бірақ олар істің нақты жағдайымен сәйкеспейтіндігін анықтады. Өйткені мұндай келісім-шарттардың жасалғандығын жоққа шығарған субмердігер, тіпті олардың барынан да бейхабар болып шықты. 
Міне, осылайша мемлекеттік сатып алулар үдерісінің ықтимал жабдықтаушылар арасындағы әділ бәсекелестік секілді негізгі ұстанымдарының бірінің бұзылуына жол берілді. 
Заңнама өкілетті органды мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар алуға міндеттейді. Сондықтан байқау жеңімпазын мемлекеттік сатып алуларға алақол қатысушы ретінде тану туралы сотқа талап арыз беріліп, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. 

Любовь ШАЛАБИНА,
ҚМ ҚБК Алматы қалалық қаржылық бақылау инспекциясы 
№4 бақылау бөлімінің басшысы

1274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы