• Өндіріс
  • 24 Желтоқсан, 2014

КЕНТАУДАҒЫ заманауи КӘСІПОРЫН озық технологиямен жабдықталынған

Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» жанынан «МоноЭлеТех» ЖШС-ның жаңа заманауи өндірісі іске қосылды. Жаңа өндірісте гофроландырылған бак пен эмальденген алюминий сымдарын, мыс және алюминий шиналарын шығаратын желілер бар.

Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы өндірістік қажетіктен ең бастысы, өнім өндірудің сапасын арттыру мақсатынан туындағаны белгілі. Мұнда батыру тәсілімен бояу, заманауи сынақ стансасы да орын тепкен. Аталған технологиялық желілер жылына 10 мың дана трансформатор өндірісіне арналған жабдықтар шығаруға қауқарлы.
Бір айтарлығы, 50 жаңа жұмыс орнын ашқан өндірісті іске қосу үшін 817 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Кәсіпорынға шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағытында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Сонымен қатар  компания 11 пайыздық мөлшерлеменің тек 1 пайызын ғана төлейді, қалған 10 пайызын мемлекет өтейді.
Аталған жобаны іске асырудың нәтижесінде «Кентау трансформатор зауыты» Ресей мен Қытайдан тасымалдаған импорттық бөлшектерді енді зауыт жанындағы «МоноЭлеТех» кәсіпорыны дайындайтын болады.
Жаңа өндірістің ашылуына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуына қарағанда, жаңа кәсіпорынның болашағы зор. Оның іске қосылуының нәтижесінде бұрын сыртан тасымалданатын  бөлшектер енді өздерінде шығарылады. Зауыт соның арқасында 10 пайзға импорт алмастырып отыр. Бұрын 40 пайыз импортпен жабықталынған болса, қазір 30 пайызға төмендеген. Өнімдердің жергілікті құрамы 70 пайызға дейін көтерілді. Жалпы облыста Индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 223 жоба іске асуда. 
Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы «Кентау транс­фоматор зауыты» шығаратын өнімдердің өзін­дік құнын төмендетуге елеулі ықпалын тигізіп отыр.                                                                              


Игілік ТӘУІРБАЙ

777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы