• Өндіріс
  • 15 Қаңтар, 2015

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ БИІК МЕЖЕСІ

Мұнда жылына 6 мың тонна титандық құймалар алынады

Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы титан құймалары мен балқымалары өндірісінің «Посук Титаниум» зауытын іске қосуға рұқсат берген болатын.

Телекөпірде сөз алған «ПОСУК Титаниум» зауытының директоры Валерий Сычев Елбасыға сонда: «Бұл жоба Өскемен титан-магний комбинатымен және оңтүстіккореялық «POSCO» компаниясымен бірлесе жүзеге асырылды. Қазақстанда алғаш рет электронды-сәулелі балқыту әдісімен жылына 6 мың тоннадан астам титандық құймаларды өндіретін боламыз. Біздің өнім кеме құрылысы, мұнай өндіру, химия өнеркәсібінде, энергетикада пайдаланылады» деп мәдімдеген еді.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы сөйлеген сөзінде бұл зауыттың  еліміз үшін өте маңызды екенін және Қазақстан үшін жаңа өндіріс орны  болып саналатынын қадап айтқаны есімізде.
Елбасының ақ батасы мен ізгі ниетті тілегімен қанаттанған «ПОСУК Титаниум»  зауытының ұжымы жаңа 2015 жылға өздері белгілеген  межені  бағындыруға қазір бір кісідей жұмылып отыр.Тағы бір жағымды жаңалық:авиақұрылысы бойынша  әлемдегі ірі кәсіпорын - «Airbus» еуропалық біріккен компаниясы өздерінің ұшақтарының құрылысында қазақстандық титанды пайдаланатындықтарын білдірген. Мұның өзі болашақта жаңа кәсіпорынның әлемдік рыноктағы бәсінің жоғарылай түсетіндігін аңғартады.

 

Ыбырай ЕМЕНДӘУЛЕТ

 

609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы