• Өндіріс
  • 22 Қаңтар, 2015

АҚТӨБЕНІҢ ӘМБЕБАП ТРАКТОРЫ түрлі саланың жұмысына оңтайлы

Елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын шығару ісі жолға қойылып келеді. Соның бір мысалы: Ақтөбе қаласында Ресей компанияларымен бірлесіп, әмбебап шағын трактор шығару ісі қолға алынды. Бұл – Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың арқасында жүзеге асырылған маңызды қадамдардың бірі. 

Шағын тракторлар құрастыру ісін Ақтөбедегі «Трактор» МТС» ЖШС жолға қойды. Серіктестік шағын трактор құрастыруға мұқият әзірленіп, бұған алты ай уақытын жұмсады. Ресейлік «Трактор» ААҚ (Челябі, РФ) компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу өз нәтижесін берді. Ресейлік әріптестер шағын трактор құрастыру үшін жиынтықтаушы бөлшектерді дер кезінде жеткізіп беріп отырды. Көп ұзамай-ақ, серіктестің өндірістік алаңында су жаңа қазақстандық әмбебап трактордың алғашқы топтары сап түзей бастады.
– Біздің техника агроөнеркәсіптік кешен, коммуналдық шаруашылық салалары және жол жөндеу жұмыстарына арналған, – дейді Ақтөбедегі «Трактор МТС» ЖШС директоры Сабыржан Бегімбаев. – Бұл трактор жұмыстың 50 түрін атқаруға оңтайлы. Негізінде ресейлік компания «Уралец» атты шағын тракторларды шығарады. Бұл марканың нарықта жүргеніне 20 жыл уақытқа жуықтапты. Әлі де оған деген сұраныс жоғары. Енді міне, оның қазақстандық жаңа үлгісі дүниеге келді. Біз бұған өте қуаныштымыз.
Қазақстандық жаңа әмбебап тракторына сұраныс қазірдің өзінде арта түсуде. Бұл бір жағынан, трактор паркін кеңейтіп, жұмысшы орындарын көбейтуге зор мүмкіндік берген. Екінші жағынан, ақтөбелік  фермерлер енді алысқа ат сабылтып бармай-ақ, бұл  тракторды өздерінде сатып алатын болады. Жаңа әмбебап трактордың бағасы да олар үшін өте тиімді. Бір трактордың бағасы – 1 млн. теңге. 
Жаңа жыл алдында облыстық көрмеге қойыл­ған алғашқы төрт тракторды  Алматы, Ақтөбе, Ақсай және Алға аймақтарынан келген шарушылық иелері сатып алған. Ақтөбелік «Трактор МТС» ЖШС ресейлік әріптестерімен бірлесіп, жылына 500 «Уралец» пен өзге де техника шығаруды көздеп отыр. Қазір серіктестік ұжымы алда тұрған осы міндетті орындауға бір кісідей жұмылуда.

Ибраш ТҰРЫМБЕТ

668 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы