• Өндіріс
  • 28 Қаңтар, 2015

«АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАННЫҢ» АДЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының Согра кентіндегі ресейлік «АвтоВАЗ» ААҚ серіктестігі негізінде салынып жатқан «Азия Авто Қазақстан» толық циклді автомобиль зауыты Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде бәсекеге қабілетті кәсіпорынға айналуға тиіс» деп атап көрсеткен.

Шын мәнінде толық іске қосылса, еліміздің ең ірі көлік кешендерінің біріне айналатын бұл зауыт автомобиль құрастыруда тұңғыш ресейлік-қазақстандық табысты кооперацияның мысалы болып табылады. «БИПЕК Авто» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің айтуынша, ағымдағы жылы іске қосуға жоспарланып отырған зауытта жылына 120 мың автокөлік шығарылады.
– Қазіргі уақытта «Азия Авто» АҚ Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің 17%-ын өндіреді. Рес­пуб­ликаның 27 қаласындағы компания филиалдарында 5847 адам жұмыспен қамтылған. Ал жаңадан салынатын автокөлік зауыты әлеуетімізді арттыра түспек. Әрине, ресейліктермен серіктестік аясында біз өз шарттарымызды алға тартатын боламыз, – деді А.Балушкин.
Кеңес төрағасын тыңдаған аймақ басшысы авто зауыт құрылысына облыстық әкімшілік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
– Жаңадан салынатын авто зауытта 12 мың жұмыс орны ашылатын болса, бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне үлкен серпін бермек. Бұл кезекте ең бірінші автокөліктердің сапасына баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ, көлік құрастыруда отандық үлесті арттыруға мән беру керек. Бір сөзбен айтқанда, «Азия Авто» АҚ Қазақстанда ғана емес, ЕЭО кеңістігінде бәсекеге қабілетті автоөндірушіге айналуы тиіс, – деді облыс әкімі.
Алып зауыттың адымы енді басталды. Оның құлашты кеңге жаятын шақтары әлі алда. Еуразия кеңістігінде бұл зауыт шығарған автомобильдердің бәсекеге қабілетті болып тұрғаны қазірдің өзінде белгілі. Көзді алысқа қадағанның артықтығы жоқтығын зауыт автоөндірушілері де жақсы сезінеді. Әлемдік нарыққа шығатын күнді кім аңса­майды? Ол күндер де жақын болсын дейік.

Иманберді БЕК

828 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы