• Өндіріс
  • 04 Ақпан, 2015

Ұшақ сынақтан өтуде

Орал қаласындағы әуежайда «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның АҚШ-тың « Lancair»  фирмасымен бірлесіп құрастырған «Lancair IV» ұшағы  сынақтан өтуде. 

 

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның бас директоры Әліби Ахметжановтың айтуынша, ұшақты жасақтауға және құрастыруға үш жылдай уақыт жұмсалған. «Тәжірибелік үлгіні құрастыруды қолға алудағы мақсат жаңа авиациялық технологиялармен жақынырақ танысу болатын», – дейді бас директор. Бұл – турбовинтті қозғалтқышы бар, көмертекті тал­шықты композициялық материал­дан жасалған қазақстандық тұңғыш ұшақ. Үш жолаушыға ар­налған әуе кемесінің құны 700-800 мың доллар шамасында, бірақ ұшақ құрылысына мемлекет қаржысы жұмсалмаған.
Мамандар ұшақтың сенімді әрі қуатының 700 аттың күшіне пара-пар екенін, еш қонбастан 2 мың шақырымға ұша алатынын айтады. Оның ұшу жылдамдығы сағатына 500 шақырымды құрайды. Бір сағаттық ұшу кезінде 160 литр отынды шығындайды. Әзірге бұл ұшақ тәжірибелік үлгі ретінде шығарылып, ұшу сынағынан өтуде. «БҚМК» компаниясының бас конструкторы Владимир Гасловтың айтуынша, мұндай үлгідегі ұшақты бір айдың ішінде құрастырып, жасауға болады. Ал, үздіксіз өндіріс үшін тапсырыстар болуы керек. Оралдық кәсіпорын үздіксіз ұшақ өндірісін жолға қоюға қауқарлы.

Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ,
Батыс Қазақстан облысы

716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы