• Бизнес & Қоғам
  • 12 Қаңтар, 2012

Төртеу түгел болса... Жаңаөзендегі жаңа жобаларға жұмсалады

Жаңаөзен қаласында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығы ашқан арнайы есепшот ашқан болатын. Қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазірде осы есепшотқа қомақты қаржы аударылуда.

Қазіргі таңда жаңаөзендіктерге қаржылай көмек беру ниетімен еліміздің мұнай-газ және энергетика саласының іргелі компаниялары – «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС, «Қазақстанның мұнай-газ институты» АҚ, «Каспий МұнайГаз» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және тағы басқа ұйымдар «KAZENERGY» қауымдастығының арнайы есепшотына миллиондап ақша аударған.

Алдымызда, қаңтардың 18-і күні Астанада өтетін Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының «KAZENERGY» қауымдастығының кезекті 12-інші кеңесінде осыған байланысты құрылатын үйлестіру комиссиясының құрамы бекітіліп, есепшотқа түскен ақшаны жұмсау мәселесі қаралады. Жаңаөзендіктерге көмек ретінде жиналған бұл қаржыны қайткенде орынды жұмсау жөнінде нақты ұсыныстар да жоқ емес. Мәселен, «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған қаражатқа Жаңаөзен қаласында институционалдық жобалар іске асырылмақ. Яғни психологиялық оңалту немесе жұмысқа орналастыру орталықтары сияқты құрылыс нысандары салынбақ. Сонымен қатар жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген жастар үшін шәкіртақылар тағайындау да жоспарланып отыр.

Бекет КӨКЕНАЙҰЛЫ

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы