• Бизнес & Қоғам
  • 12 Қаңтар, 2012

«Сайран» үлескерлері пәтерлі болды Мақпал САҒЫНДЫҚ

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің қолынан «Сайран» мега-ауданына қарасты үш тұрғын кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды. Өткен жылдың желтоқсан айында жалпы алаңы 125 130 шаршы метрді құрайтын «2 квартал», «20 квартал» және «42 квартал» кешендерінің құрылыстары аяқталып, нәтижесінде 10 үй 623 үлескерге пайдалануға берілген болатын.

Журналистермен болған кездесу барысында қала әкімі алып шаһардағы әлеуметтік шиеленістердің толықтай жойылғандығын, оның ішінде үлескерлер мәселесінің шешілу жұмыстары біртіндеп орнына келгендігін атап өтті. «Сайран» мега-ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі: «Бірнеше жыл бұрын жерді басып алу – қаламыздың түйткілді мәселесінің бірі болған-ды. Бұл істі уақытында шешу үшін билік басшылығының нұсқауымен Алатау ауданы бой көтерді. Аталмыш жаңа ауданды жан-жақты дамытуға мемлекет 30 млрд теңге жұмсап, нәтижесінде Алатауда қажетті әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер салынып, инженерлік коммуникация тартылған», - деді.

Өткен жылдың өнегелі ісі деп – «Жаңа индустрияландыру» Президент бағдарламасы аясында іске қосылған өнеркәсіп пен өндіріс орындарын атауға болады. Атқарылған шаруалардың ішіндегі ең ірісі - метрополитен құрылысының сәтті аяқталып, қарапайым халыққа пайдалануға берілгендігі. Алып шаһардың сәнін келтіретін Республика Сарайы мен Орталық стадион кешендері күрделі жөндеуден өткендігін атап өткен Ахметжан Есімов: « Еліміз үшін ең бастысы – жаңа жұмыс орындарын құру болмақ. Статистикалық мәлімет бойынша, бүгінде қаламыздағы жұмыссыздық көрсеткіші – 5,6 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ тұрғындар арасындағы экономикалық белсенділік – 0,5 пайыз. 2011 жылы еңбек биржасына хабарласқан азаматтардың саны – 45 пайызға азайған. Ал бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда едәуір төмендеген. Консолидиленген қазынаға Алматы қаласы тұңғыш рет 1 трлн теңгеден астам қаржы жинаған, бұл өсім 2010 жылға қарағанда 24 пайызға артқандығын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты қалыптасқан Алматы қаласының даму деңгейі алдағы уақытта ұлғая түсетіндігі анық», - деді.

Мемлекет басшысы қаланың инфрақұрылым деңгейін дамыту жұмыстарына 106 млрд теңге, соның ішінде «Сайран» ауданына жақын орналасқан нысандарға 54 млрд теңге бөлген болатын. «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы шығынның біраз бөлігін өз иелігіне алып, «Глобал Билдинг Контракт» компаниясын құрады. Аталмыш компанияның бастамасымен құрылысы аяқталған «Сайран» мега-ауданының пәтерлері 981 отбасыға берілді. Барлығы 1604 үлескердің қалған 623-і осы жылдың басында жаңа үйлерінде қоныс тойларын тойлайтын болады.

2007 жылдан бері қарай Алматы қаласы бойынша 16 201 үлескер тіркелген. Оның ішінде 14 115 үлескердің мәселесі шешіліп, 2007 жылы - 588, 2008 жылы – 3105, 2009 жылы – 4306, 2010 жылы - 4832 үлескер баспаналы болған.

547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы