• Өндіріс
  • 26 Ақпан, 2015

ТАЛДЫҚОРҒАН ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ СӨРЕЛЕР отандық өнімдермен жайнай бастады

Үкіметтің ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті меморандумдар жасап, қазақстандық үлес бойынша  форумдар өткізу тәжірибесін жаңғырту қажеттігін мәлімдеді және облыс әкімдеріне барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы болуы үшін «Қазақстнда жасалған» акциясын іске қосуға нақты тапсырмалар берген болатын. Елбасының осы тапсырмасына сәйкес Алматы облысының Талдықорған өңірірі супермаркеттері мен құрылыс дүкендерінде «Қазақстанда жасалған» деген сөрелер пайда болып, тұтынушылар игілігіне жергілікті сапалы өнімдер молынан ұсыныла бастады.

Біздің халқымызда: «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қанатты сөз бар. Бұл негізінен шаруаға ықтиятты бол, артық шығындалма, өзіңдікін ұқсата біл, деген мағынаны білдірсе керек. Талдықорғандықтар  осы қағидаға сай тірлікке көшкен сыңайлы. Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Әмірхан Үсеновтің атап өткеніндей, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Тал­дықорған әкімдігі ірі сауда үйлеріне, супермаркеттерге және басқа да кәсіпкерлік нысандарына отандық өндіріс тауарларының бөлек сөрелерін жасауды қызу қолға алуда. Бұл игі шара халықтың да көңілдерінен шығып, отандық өнімді  қызыға сатып алушылардың қатары­ көбейе түсуде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қала әкімдігі басшыларының шақыруына өңірдегі ірі супермаркеттер желілері, құрылыс материалдары дүкендері дереу үн қатып, көрнекті алаңдарда өндірілген өнім мен тауардың қай жерден, қандай ұйымнан екендігін көрсетіп, арнайы  бөлек сөрелер жасап қою, тұтынушыларға мәдениетті сауда қызметін жасау ісі жетілдіріліп келеді. Ең бастысы, оларға отандық өнімнің ешбір елдікінен артық болмаса, кем емес екндігін іс жүзінде дәлелдеу. Бұл мақсаттың Талдықорғанда өз үдесінен шығып жатқандығы көңіл қуантады.    
Талдықорғандағы сауда нүктелеріндегі сияқты, «Қазақстанда жасалған» атауымен жүргізіліп жатқан осындай қоғамдық шаралар еліміздің барлық аймақ­тарында, тіпті шетелдерде де қызу өріс алап жатқанын естуге болады. Бір сөзбен айтқанда Елбасының  аймақ әкімдеріне, бизнесмендер мен кәсіпкерлерге қарата айтқан кемел ойлы сөздері жан-жақты қолдау тауып жатқандығы – жаңа экономикадағы бір үлкен бет­бұрыс­тың өмірге келгендігін байқатады.

Ибрагим Бекмаханұлы

646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы