• Бизнес & Қоғам
  • 12 Қаңтар, 2012

Германиядан ірі қара әкелінді Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

Германия елінен еліміздің Ақтөбе облысына 856 бас ірі қара жеткізілді. 2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы аясында іске қосылған сүт өндіретін кешен - 1100 бас ірі қараға есептелінген. Аймақ үшін маңыздылығы басым бұл жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. «ҚазАгроҚаржы» отандық лизингтік компаниясының қаржылай қолдауымен аймақта бұл мәселе оң шешімін тауып отыр.

Облыстың Мәртөк ауданында орналасқан заманауи ірі қара кешен «Айс» ЖШС фермасының қарамағына берілген. Аталмыш «Айс» фермасы бүгінде сүтті өңдеу, әр алуан тамақ түрлері мен халық тұтынатын тауарлар өндіруге бейімделген. «ҚазАгроҚаржы» лизингтік компаниясы қаржыландырған қомақты сомаға ферманың ғимараты тұрғызылып, сапалы өнім өндіру жұмыстары атқарылуда.

Отандық компания бөлген қаржыға фермаға қажетті құрылғылар сатып алынды. Мәселен, ірі қара малға арналған қоралар мен арнайы сүт шығаратын сауу жабдықтары Голландия елінің Van der Ploeg International B. V. компаниясынан әкелінді. Сонымен қатар, немістің Eurasia GmbH және швейцариялық Eurasia Group компанияларынан ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.

Бұл жоба маңыздылығы басым әрі сұранысқа сай болғандықтан, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы кешеннің құрылыс жұмыстарын сәтті аяқтап шықты. Аталмыш ферманың алға өрлеуі батыс өңіріндегі тамақ өнеркәсібінің дамуына септігін тигізері анық. Сондай-ақ, ауданда ашылған өнеркәсіп облыс қазынасын салықтық төлем ретінде толтырып отыратын болады және 45 қосымша жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік бермек. Толықтай жобалық қуаттылығымен өнім өндіретін кешен аймақ тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, нарықтық қатынастың дамуына үлес қоспақ. «Айс» ЖШС директоры Марат Итеғұловтың сөзіне қарағанда, ірі тауарлы сүт фермасы «Вандерплут» атты голландық фирманың технологиясы бойынша жұмыс істейді. Кешеннің жылдық қуаттылығы жылына 7 200 тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта шаруа қожалығы сауын сиыр басын 3 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.

Сүтті малшаруашылығын дамыту жұмыстары елімізде кейінгі жылдары жақсы қарқын алуда. Соңғы жылдары республикада заманауи жоғары технологиямен жабдықталған ірі тауарлы 14 сүт фермасы жұмыс істейді. Жобалық құны 13 млрд теңгені құраған жаңа жобалардың барлығы «ҚазАргоҚаржы» отандық компаниясының қолдауымен жүзеге асқан.

Еліміздің ірі қара малшаруашылығының дұрыс жолға қойылып, алға өрлеуіне үлес қосып отырған «ҚазАргоҚаржы» акционерлік қоғамы 1999 жылы ҚР Үкіметінің қолдауымен бой көтерген. Аграрлық сектордың өміршеңдігін ұлғайтуды мақсат тұтқан компания ауылшаруашылық тауар өнімдеріне қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Отандық лизингтік компания 2007 жылдан бастап, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингінің құрамына енді.

625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы