• Өндіріс
  • 12 Наурыз, 2015

ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ

Ақмола облысындағы іргелі өндіріс орындарының бірі – «Новопэк» ЖШС полипропилин және полиэтилен үгінділерінен жасалған өнімдерді экспортқа шығаруда. 

2003 жылы құрылған кәсіпорын алғашында «Көкшетау Пластик» ЖШС деп аталған болатын. Кейін өндіріс көлемі ұлғайған кезде, яғни, 2007 жылы «Новопэк» ЖШС болып ауыстырылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын полиэтилен, полипропилен және кальций карбонатынан жоғары са­палы әрі мемлекеттік және халықаралық стан­дарттарға сай түрлі қап­шықтар шығаруды жолға қойған.
Кәсіпорын басшы­сы­ның айтуынша, Ресейдің ірі кәсіпорындарынан полиэтилен, полипропилен үгінділерін алып, фабрика өндірісіне пайдаланып отырған мекеме өз өнімдерін шығаруды кеңейтіп отыр. Қазіргі кезде 500 келіден екі тоннаға дейін сусымалы жүк таситын 120 миллион дана қаптар мен «Биг-бэг» контейнерлері тігілуде. Дайын өнім негізінен елімізге, одан қалды Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне экспортқа шығарылады.
Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі және Еуразия­лық экономикалық одақтың дүниеге келуі бұл біздің іскерлік белсенділігімізге үлкен қолдау болып, өндірісіміздің экономикалық жағынан өркен­деуіне үлкен үлес қосып отыр. Бүгінгі күні  кәсіп­орынымызда 800-ге жуық біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Фабрика айына он миллионнан астам беріктілігі жоғары қаптар мен жүз мыңға жуық «Биг-бег» контейнерлерін шығарады. Өнім Қазақстаннан басқа ТМД елдері, Қытай және өзге де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Өнімнің 40 пайызы алыс-жақын шетелдерге экспортталады»,  – дейді  кәсіпорын басшысы Борис Писарев.

Ибрагим Бекмаханұлы

650 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы