• Қаржы
  • 08 Қыркүйек, 2011

Үлбіреген үмітті «Үлбі металлургиялық зауыты» жалғайды. Мақпал САҒЫНДЫҚ

Шырайлы шығыс өңірінің ғана емес, Қазақстанның мәртебесін біршама биіктеткен зауыттардың бірегейі ретінде «Үлбі металлургиялық зауытын» айтуға болады. 1949 жылдың 29 қараша айында ресми түрде іске қосылған зауыт өнім өндіру және оны шығару жолында жарты ғасырдан артық тәжірибелік мәнге ие. Алғаш келген өнімді үздіксіз жетілдіру арқылы зауыттың дамуын алға қою жұмыстары қарастырылған еді. Бұл 70-жылдардың басы, яғни Кеңес Одағында атом энергетикасын барынша жақсартуды басты мақсат етіп қойған кезең еді. Дал осы тұста елде бірнеше АЭС салу ісі жоспарланып, нақты шешімді қажет етті. яғни жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна болатын, құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару керек болды. Аяғында «Үлбі металлургиялық зауыты» сапалы ядролық жылу өндіретін мүмкіндікке ие болу арқылы нарықтағы жұмысын лезде бастап кетті.

Атом электр стансаларына қажет болып табылатын – уран диоксидынан отын таблеткаларын, сондай-ақ құрамында берилий, тантал мен ниобий кездесетін өнімдерді шығарушы ретінде бүгінгі күні әлем көшбасшыларының біріне айналып отыр. Бұл кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына еніп, бірлесе қызмет етіп келеді. Экономикалық өрлеудің жоғары сатысын бағындыруды көздеген Қазақстан үшін отандық зауыттың атқарып отырған жұмысы орасан. Себебі қазіргі кезде кәсіпорында уран, берилий, тантал сынды өндіріс үшін маңызды саналатын шикізат түрі ерекше қарқынмен дамып келеді. Мәселен, 2001 жылдан бастап тантал өндірісін сұранысы ең жоғары өнім, яғни сыйымдылығы жоғары конденсаторлы ұнтақтар мен сымдарды әлем нарығына тасымалдайтын кешенді міндеттер атқарылуда. Отандық зауытта әзірленген технологияның негізін ала отырып, ғылыми зерттеу бағдарламасы іске қосылған-ды.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның тауарлық белгісі біздің елімізде, сонымен қатар, Ресей, Болгария, Ұлыбритания, Германия мен АҚШ,Франция, Чехия, Жапония сынды дамыған елдерде тіркеуден өткен.

1999 жылы кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталған болатын. Осы жиында Қазақстан Республикасының “Казатомпром” ҰАК құрамына қабылдана отырып, бірлесе қызмет етудің жаңаша үлгісін жүргізді. Жаңаша басқару стилі, стратегиялық басымдықтар мен нақты тактикалық міндеттер Кенді Алтайдың ірі кәсіпорнының бірі “ҮМЗ” ААҚ ұжымын ұзаққа созылған дағдарыстан шығарды. Қазақстан атом саласының үшінші мыңжылдықта әлемдік рынокқа сеніммен шығатын мүмкіндігі мол.

1027 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы