• Өндіріс
  • 27 Наурыз, 2015

ЖАҢА ЖЕЛІНІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ МОЛ

Мұнда тәулігіне 250 танна сүт сапалы өңдеуден өтеді

Алматы облысында сүтті тереңдете өңейтін жаңа желінің іске қосылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Жаңа желінің аяқ алысына жергілікті тұрғындардың ризашылығы шексіз.

Аймақ басшысы Амандық Баталовтың қатысуымен сүтті тереңдете өңдеп, пастерлейтін жаңа желіні іске қосуға арналған салтанатты шараның да өткені белгілі. Сонда әкім «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында өткізілетін маңызды шараларда бұл кәсіпорынның да алатын орны мен атқаратын қызметін айрықша атап көрсеткен  болатын.

Жаңаның аты-жаңа. Шын мәнінде, жаңа желі заманауи жоғары технологиялы импорттық жабдықпен жарақтанған. Сүтті 1 жыл сақтау мерзімімен өңдеу және зарарсыздандыру зауыттың өндірістік қуатын екі есе ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Мұнда енді тәулігіне 250 тонна сүт сапалы өңдеуден өтеді.

«Адал» АӨК» АҚ директоры Серік Смайыловтың айтуынша, Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан идеясын қолдай отырып, басталған «Қазақстанда жасалған»  акциясы өзінің тиімді нәтижесін беруде. Бүгінде  осы маркамен 35 атаудағы сүт өнімдері шығарылып, жергілікті сауда орындарына жөнелтілген. Аймақ тұрғындары жаңа желімен жұмыс істейтін кәсіпорынның сүт өнімдерінінің сапасына дән риза.

Таяу арада аймақта тағы бір жаңа сүт өңдеу желісін қосу жоспарланып отыр. «Қазақстанда жасалған» акциясын жүйелі түрде жүргізу, оған жұртшылықтың ықылас, пейілін ерекше аудару – Жетісу өңірінде қалыпты жадайға айналып отыр.

                                                                                               Ибраш ТҰРЫМБЕТ

 

 

602 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы