• Өндіріс
  • 02 Сәуір, 2015

ИННОВАЦИЯЛЫҚ КИІЗ ҮЙДІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ

Ақтөбеде 3D технологиясы көмегімен жасалды

Халық тұрмысында ерте кезден-ақ жайлы әрі қолайлы баспаналық қызметімен еркшеленген қазақы киіз үйлердің қасиеті жайлы көп айтуға болады. Уақыт алмасып, заман өзгерген сайын не нәрсенің де өзгеріске ұшырап, жаңарып отыратыны белгілі. Бір кездегі алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат ақбоз үйлер қатары қазір де азайған жоқ. Ел ішінде киіз үй ұстап, оны тұтынып жүргендер  көп. Ас, жиын-тойларда бұл үйлер мейман қабылдап, оларды күтіп, сыйлауға өте қолайлы. Қазақтың қонақжайлылығын білдіретін киіз үйлердің шаңырағы биік, босағасының берік болғанына не жетсін?! Осыны ескерген ақтөбеліктер  киіз үйдің ерекше бір түрін 3D технологиясы көмегімен жасап шығарды.

«Каспий плюс» ЖШС киіз үйдің ерекше бұл түрін инновациялық технологиялар бойынша орындауды қамтамасыз етті. Наурыз мейрамы қарсаңында ұжым 3D-станоктарының мүмкіндіктерін көрсетті. Кәсіпорын бекітуші материалдарды шығарумен және металл өңдеумен айналысады. Өткен жылы кәсіпорынды «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне ша­қырғанда ЖШС директоры Жандос Пангереев өз өнімдерін емес, сол өнімдерден жасалған киіз үйді қоюды жөн санаған. 3D-станогы үшін тапсырысты техникалық директор Ольга Генрих дайындап, жұмысты компания мамандары жасады. Техникалық директор айтқандай, инновациялық киіз үйді жасау кезінде жеңілдетілген бекіткіш, дистанциялық шайбалар, штангтер пайдаланылды. Киіз үйдің есіктері 3D-станокта жасалды.
– Киіз үйді біздің ата-бабаларымыз ойлап тапқан. Оның шаңырағы елімізде тұратын барлық халықтардың бейбітшілікте және өзара келісімде өмір сүруінің символы болып табылады, – дейді ЖШС директоры.
50 тоннаға дейінгі салмақты көтере алатын бұл құрылымның тағы бір еркшелігі – ол тез құрылып, тез жиналады. Жылдың барлық мезгілінде қызмет көрсетуге даяр.

 

Ислам АСФЕНДИЯР

770 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы