• Өндіріс
  • 08 Сәуір, 2015

ҚУАТТЫЛЫҒЫ АРТҚАН ЗАУЫТ

сафлор майын өндіру және қайта өңдеумен айналысады

Жамбыл облысындағы сафлор майын өндіретін зауыттың қуаттылығы артты. Мемлекеттік ҮИИД  бағдарламасы аясында іске асырылып отырған жобаның бірі – «KazIrAgro» ЖШС-нің сафлор майын шығаратын зауыты ашылғаннан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Жамбыл облысының Шу ауданында 2011 жылы сафлор өсіру, оның майын өндіру және қайта өңдеумен айналысатын «KazIrAgro» компаниясы өндіріс үшін Германияның жоғары технологиялық жабдықтарын сатып алды.
Шу ауданының әкімі Бақытжан Нүркеновтің айтуынша, өткен жылы кәсіпорын  200 тонна сафлор майын шығарған. Соның ішінде 180 тоннасы Қытайға экспортталды. «Биылғы жылдың бірінші тоқсанының аяғына қарай «KazIrAgro» ЖШС өндірістік қуаттылықты көбейтіп, тәулігіне он тоннаға дейін май шығару жоспарлап отыр», – дейді аудан әкімі.   
Сегіз гектар жерді алып жатқан зауыт аумағында кәсіпорынның жеке май цехы, дәнді және май дақылдарын сақтауға арналған, сондай-ақ оларды өңдеуден өткізуге қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған нан қабылдау бекеті, ауылшарушылық техникалары орналасқан. Компанияның иелігінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған 2,5 мың гектар егістік жері бар.
Мұның бәрі аталмыш зауыттың сафлор майын өндіру бағытындағы жұмыстарына қолайлы жағдай туғызатыны сөзсіз. Зауыттың өндірістік қуаты артып, онда қосымша жұмыс орындары да көбейе түседі деген үміт бар.

Ибрагим бекмаханұлы

633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы