• Өндіріс
  • 15 Сәуір, 2015

ШИЕЛІДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ

Игілікті 20 жобаны талқылады

Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұңғыш рет инвестициялық форум өтті. Қаратау етегіндегі бұл аймақта қазба байлық аз емес. Уран өндірісінде де өзіндік орны бар. Дегенмен шикізатты терең өңдеу, экономиканы әртараптандыру – бүгінгі күннің талабы.

Уран өндіруге керек құбырлар дайындау, мия тамырын өңдеу, селикат кірпішін өндіру, әк тасын шығару – бұлардың бәрі индустрияландыру бағдарламасы қолға алынғалы аудан көлемінде іске қосылған жаңа өндірістердің бір парасы.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде кезегін күткен 20 жоба форум қатысушыларына таныстырылды. Соның бірі – жылыжай қалашығын салу бастамасына бизнес өкілдері ерекше назар аударды. Мамандар ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім мен тұтыну деңгейін де саралап қойған. Шиеліліктер күріштен бөлек көкөніс, бақша өнімдерін сырт өңірлерге сатады екен. Керісінше құс еті мен жұмыртқаның 90 пайызы сырттан әкелінеді. Демек құс өсіру фермасын салу инвесторларға мол мүмкіндік туғызары анық. Форумда бұл мәселеге де назар аударылды.
«1000 басқа арналған шағын құс фермасы 8-9 млн теңге болады. Егер ол өз қуатында жұмыс істейтін болса, бір жылда өзін-өзі ақтап кетеді деп есептеп отырмыз. 400 тонна құс етін өндіруге, 2000 дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді, – деді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің маманы Базарбай Сахов. – Мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі керек. Кәсіпкерлер палатасы бұл бағытты да жүйелендірудің жолын тауып берді».    
Облыстағы бесінші кәсіпкерлерді қолдау ор­талығы Шиелі ауданында ашылды. «Кәсіпкер­лер­ді қолдау орталығы бүгін, міне, аудан дең­гейінде ашылып отыр. Осының арқасында өз ісін бастаймын деп талпынған азаматтар жол жүріп шаршамай, қажетті кеңес пен көмекті ауылдан шықпай-ақ тікелей алуына мүмкіндік жасалды», – дейді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.
Инвесторларға қолайлы жағдай бар. Осы мақсатта Шиелі кентінен 50 гектар жер телімі бөлініп, арнайы индустриалды аймақ құрылды. Экономикасы тұрақты, табиғи ресурсқа бай, инфрақұрылымы дайын өңірге қаржы салуға ниетті кәсіпкерлер форум аясында меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер негізінде силикат кірпішінің өндірісі жанданып, ет экспорты артады деген болжам  бар.

Ибрагим бекмаханұлы

540 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы