• Өндіріс
  • 15 Сәуір, 2015

ШЫНЫ ТАЛШЫҚТЫ ҚҰБЫРЛАР берік қасиетімен бағалы

Ақтаудағы шыны талшықты құбырлар дайындайтын зауыттың іске қосылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Міне, бірер айдың шамасында жаңа кәсіпорын өзінің алғашқы өнімдерін тұтынушыларға ұсына бастады.

Ә дегеннен  «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында ашылған бұл  өндіріс ошағы мұнайдан бастап, аса қауіпті химиялық қоспаларды тасымалдайтын жоғары қысымға төзімді құбырлар дайындауды бірден меңгеріп кетті. Өйткені, мұнда жұмысқа қабылданған жұмысшы-мамандардың басым көпшілігі құбыр жасаудың қыр-сырын жетік меңгерген жергілікті тұрғындар еді. Сапалы жасалған құбырларға қызығушылар да көп болды.
Өңірдегі ірі мұнай компаниясы осы зауыттан шығатын отандық өнімге алғашқылардың бірі болып тапсырыс берді. Бұған дейін шетелдік тауарға тәуелді болған тұтынушылар енді өздерінен шыққан арзан әрі сапалы құбырларға қол жеткізгендеріне қуанды.
Бұл құбырлардың жасалу технологиясы да өте қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы,.балқытылған шыныдан алынған жіптер – өнім өндіруге қажетті негізгі шикізат болып табылады. Шыны талшық шайырмен араласу арқылы арнайы  құбырға оралады. Өнімдер жаңа технологиялы қондырғыларда дайындалады.
Кәсіпорын жылына диаметрі 100-400 миллиметрге дейінгі, ал ұзындығы 250  шақырымға дейін жететін құбыр шығара алады. Шыны талшықты құбырлар 95 градусқа дейін шыдастық береді. Сондықтан да ол мұнай мен аса қауіпті химиялық қоспаларды тасымалдауда таптырмас құрал болып саналады. Оны су құбыры мен кәріз жүйесіне де қолдануға болады. Қазір жаңа құбырдың түрлері коммуналдық желілерді жаңғыртуда да кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, өзгелеріне қарағанда, шыны талшықты құбырлардың артықшылығы көп. Орнату кезінде дәнекерлеудің қажеті жоқ әрі салмағы жеңіл. 30 жылға дейін тотықпай, қалтқысыз қызмет етеді.
Жақында ашылған кәсіпорында әзірше 60-тан астам жұмысшы еңбек етеді. Мұнай компаниялары мен мекемелерден тапсырыс көбейсе, тағы 4 желі іске қосылмақ. Өндіріс көлемін еселеу арқылы жұмысшылар санын да көбейту жоспарда бар. Қазір зауытта тапсырыс бойынша 20 шақырымдық шыны талшықты құбыр дайындалуда.

Ибрагим бекмаханұлы

748 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы