• Өндіріс
  • 13 Мамыр, 2015

ОРАЛДАҒЫ КЕМЕ ӨНДІРІСІ алыс-жақын шетелдерге де танымал

Кеме өндірісі біздің елімізде ертеден дамып келеді. Өйткені, кең байтақ жеріміз үлкен өзен, көл, теңіздерге бай, тіпті, алып мұхиттарға да еркін шығудың  мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл кеме қатынасын кең қанат жая түсуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Оралдағы Зенит зауыты отандық кеме құрастыру саласы бойынша  алдыңғы қатарда келеді. Зауыт өніміне сұраныс жоғары.

Аталмыш кәсіпорында 2014 жылы 5,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда бұл 1,3%-ға артық көрсеткіш. Ал, биылғы жағдай тіпті, басқаша. Тек қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 1,5 миллиард теңгеге жетті. Зауытта жасалатын кеме және катерлердің барлығы да заманауи қондырғылармен толық жарақтандырылған. Бүгінде зауытта мыңға тарта адам еңбек етеді. Мұның өзі өңірдегі жұмыспен қамту мәселесінің оң шешілуіне елеулі ықпалын тигізуде.
Бүгінгі таңда ортақ іске бір кісідей жұмылған кеме зауытының ұжымы кезекті су көлігін сәтті құрастырып шықты. Тек тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде мұнда ҚР Қорғаныс күштері және ҰҚК-нің Шекара қызметінің тапсырысымен «Сұңқар», «Барыс», «Бүркіт» және «ФС-19» үлгісіндегі жылдам жүзетін 22 су көлігі құрастырылды. Табаны суға тиген соңғы шағын катер «ФС-19» үлгісінде жасалған. Оның су ығыстырғыш салмағы – 26 тонна. Жылдам жүзетін катер мемлекеттік шекараны күзетумен бірге, заңсыз балық аулау мен теңізге тән өзге де сан түрлі контрабандалық әрекеттерге тосқауыл бола алады.
Сондай-ақ, «Мерген» аталатын катердің ұзындығы 20, ал ені 4 жарым метрдей. Кеме экипажы 8 адам. Оның жылдамдығы құрлықтағы көліктермен салыстырғанда, сағатына 100 шақырымды еңсереді. Тағы бір артықшылығы, жанармайды үнемді пайдаланады және су бетіндегі 6 баллға дейінгі тұрақсыздық жағдайларына төтеп береді.   
Енді кеме зауыты ұжымы «Бұлан» үлгісіндегі жаңа су көлігін құрастыруды қолға алғалы жатыр.

Ибрагим бекмаханұлы

 

980 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы