• Өндіріс
  • 27 Мамыр, 2015

БОЛАШАҒЫ ЗОР КӘСІПОРЫН

Шымкентте керамикалық гранит шығаратын зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің қолдауымен салынған керамикалық гранит шығаратын зауыттың іске қосылуы  Шымкент шаһарының жұртшылығын үлкен қуанышқа бөледі.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және Қазақстанның инвестициялық қоры бірлесіп пайдалануға берген керамикалық гранит зауытының болашағы зор деп бағалануда. Холдингте нақтылағандай, зауыттың негізгі өнімі – керамикалық гранит. Бұл өнімге сұра­ныстың жоғары екендігі белгілі.
Зауыт өнімдері негізінен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өткізуге бағдарланған. Оның өндірісі үшін жоғары сапалы баяу балқитын балшық, ең таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Кәсіпорында «Bar­bieri & Torozzi» итальяндық жабдықтары орна­тылған. Зауыттың техникалық қуатты­лығы жылына керамограниттің 2,5 млн. текше метрін құрайды. Өнімнің жоғары сапасы бәсекелестердің осы тәріздес өнімдерінен басым түсуімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда зауыт өндірісінде 80-нен астам  адам еңбек етуде, келешекте жұмыс орын­дарын жергілікті тұрғындардың есебінен 200 адамға дейін көбейту көзделініп отыр. Мұның өзі зауытта адамдарды жұмыспен қамту мәселесінің дұрыс жолға қойылып оты­рыл­­ғандығын аңғартады.

Ибрагим бекмаханұлы

619 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы