• Өндіріс
  • 03 Маусым, 2015

СЫРТҚА ТӘУЕЛДІЛІК АЗАЙДЫ

Қостанайдағы арматура зауытының өндірісі еселенді

Шын мәнінде, Қостанайдағы арматура шығаратын кәсіпорынның өніміне сұраныс жоғары болуда. Мұны зауыт өндірісінің еселене түсуі де айқындап отыр.      

Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны Еуразиялық экономикалық одақ аясында экспорттық әлеуетін едәуір арттырды. Осыған дейін өнімдер Орта Азия елдеріне ғана шығарылса, енді Ресей мен Беларуське шықпақ ойлары бар. Қазақстанға бұрын темір арматуралар Ресей мен Украинадан тасымалданатын. Енді жаңа өндіріс орнының ашылуымен бұл өнім түрінен сыртқа тәуелділік азайды.
Бірлескен кәсіпорын екі жаққа да өз тиімділігін көрсетіп отыр. Ресейден әкелінген сом темірлердің әрқайсысының ұзындығы – 12 метр. Осыларды өзімізде – Қостанай зауытында отқа қыздырып, созып, өңдеу арқылы дайындайды. Құрылысқа қажетті арматуралардың диамтері 10 милиметрден 40 милиметр аралығында түрлі қалыңдықта жасалады.
Зауыт күні-түні үздіксіз жұмыс істейді. Кей кезде құрышты илеу желісі бойында ақаулар пайда болуы мүмкін. Бақылау жүйесі оны бірден анықтап, желі автоматты түрде тоқтатылады. Қазақстанға жылына 900 мың тонна темір арматуралар қажет екен. Қос­танайдағы зауыт соның жартысын жабуға қауқарлы. Қазір өндірген өнімнің 80 пайызын ішкі нарықта өткізсе, 20 пайызын сыртқа сатады. Сапалы өнімге сұраныс ай сайын артуда.
Қостанай темір арматура зауыты Ресейдегі Батыс Сібір металлургиялық комбинатымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Шикізаттың басым бөлігі сол жақтан жеткізіледі.

Ибрагим бекмаханұлы

470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы