• Өндіріс
  • 10 Маусым, 2015

ЖАҢА ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мақсат – өнім сапасын жақсарту

Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққайың ауданының Ленинский ауылында орналасқан «Ростан» фирмасының май шығаратын зауытында Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығын іске асыру аясында жаңа бөлшектеп өлшеу-орау желісі іске қосылды. Осы жаңа өндірісті бастап беру белгісі құрметіне аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ие болды.   

Жабдықтар Ресейден әкелінген, оның құны – 6 млн. теңге. Минутына 10-нан 20 келіге дейін майды бөлшектеп өлшейді. «Ростан» серіктестігінің өнімдері тек қазақстандықтардың ғана емес, ресейлік тұрғындардың да сұранысына ие. Кәсіп­орында ірімшік, сүзбе, май шығарылады. Өткен жылы РФ-ның Барнаул қаласына 80 тонна ірімшік экспортталды. Биыл 150 тонна ірімшік Владивостокқа жөнелтілмек.
– Ресейліктерді қазақстандық өнімдердің сапасы да, бағасы да қанағаттандырады. Сондай-ақ бізде өндірісті жаңғырту аяқталды. Оған шамамен 30 млн.теңге жұмсалды –дейді «Ростан» ЖШС-нің директоры Владимир Ростовщиков.
Жыл басынан бері «Ростан» май зауытында 20 млн. теңгенің өнімдері сатылды. Бүгінде зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұр. Онда күніне 10 тоннаға дейін сүт өңделеді.
«Ростан» май зауытында елуге тарта адам жұмыс істеуде. Өндірістің дамуымен бірге жыл сайын қызметкерлердің жалақысы да өсіп келеді. Мұндағы орташа еңбекақы 60 мың теңгені құрайды. Өнім өндіріп, жұмыс жүріп жатқан жерде берекелі табыстың болатындығы анық. Мақсат – өнім сапасын жақсарту. Ұжым мүшелері сол үшін де жұмыла еңбек етуде.

Ибрагим Бекмаханұлы

520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы