• Бизнес & Қоғам
  • 26 Қаңтар, 2012

Нұрсұлтан Назарбаев: ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – ҚҰРЫЛЫСТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Мемлекетіздің 20 жыл ішінде өркендеп дамуы экономикамыздың ірге тасының берік өсіп, одан әрі оны жетілдіру болып табылады. Елбасы айтқандай өндіріс қуаттылығын сол аймақтың негізгі қоры мен инфрақұрылымын байланыстыру тиімді орналастыру болып табылады деген болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіің жыл сайынғы халыққа жолдауында тұрғын үй құрылысының маңызына ерекше тоқталып өтетін. Оны еліміздің экономикасының дамуының локомотиві деп, құрылыс материалдар өндірісінің дамуын ынталандыруға бейімделетін деген.

Тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыруда, Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісін 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып және қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісін инновациялық дамуын қамтамасыз ету.

Қандай да болмасын өндіріс даму үшін, инновациялық жобаларды игеру керек болады, жұмыстың көлемін арттыру және жаңа технологияны пайдалану арқылы өзіндік құнын төмендету. Сонымен қатар жұмыскерлердің сапалық білімдері жоғары деңгейге сай болуы қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның құрылыс материалдар саласында жан-жақты даму табысты жүріп жатыр, сонымен бірге бұның негізіне кластерлық қатынас алынды, ал қалыптасатын ұлттық инновациялық жүйе жаңа технологияның жаңа экономикасының жолы болып табылады. Құрылыс материалдар өндірісі экономиканың негізгі салаларының біріне жатады – құрылыс индустриясы тек қана басқа саланың өсуін алдан-ала болжап қоймай, қоғамның тұрмыстық жағдайына да әсерін тигізеді. Соңғы жылдары тұрғын үй саясатын іске асыруға байланысты, оның құнын төмендету және халықтың тұрғын үйге деген мүмкіндігін арттыруына сай, құрылыс материалдар өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Барлық категориядағы үйлерге қауіпсіздік, сенімділік және ұзақтық талаптары қойылады. Сол себебтен құрылыс конструкцияларының сенімділігін, жоғарғы жылу қорғау қасиетін қамтамасыз ететін, құрылыс материалдарына деген сұраныс арта түседі. Қандай құрылыс болмасын, оның пайдалану мерзімі және ұзақтылығы пайдаланатын құрылыс материалының сапасына тікелей байланысты. Бұл бір өзінше аксиома, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін, елдің бәрі біле беретін.

Тұрғын үйдің құны, құрылыс материалдар құнының айтарлықтай үлесін құрайды, сондықтан құрылыс материалдар индустриясын ұйымдастыру, тұрғын үй бағдарламасын орындаудағы негізгі шарты болып табылады. Кейбір құрылыс материалдарына деген сұраныс шет елден әкелініп қанағаттандырылатын болса да, қазіргі кезде өзімізде негізгі құрылыс материалдарының түрінің көлемі тұрақты өсіп отырғаны байқалады.

Қазіргі кезде қазақстан нарқы, негізінен құрылыс материалдарымен қаныққан. Нарықты отандық материалдармен толықтыру үшін, саланың алға басуын, ғылыми-техниканың жетістіктеріне және технология мен жасалған жұмыстарға сын көзбен қарап, соларға ставка жасау қажет. Оларды пайдалану сапасын, өнімнің түрін және көлемін артыруға бағытталған, сонымен қатар, жергілікті шикізатты мүмкіншілігінше және шығырылатын өнімнің құнын арзандату мақсатында өндіріс қалдықтарын пайдалану болып табылады. Жаңа технологияны және материалды енгізу құрылыстың өзіндік құнын орташа 20-25 % төмендетуге мүмкіншілік жасайды, 1,5 есеге дейін материалдың шығынын төмендетеді және энергия сыйымдылығын азайтады, яғни бұл шеттен әкілінетін материалдарды ауыстыруға және сыртқа шығаруға бағытталған өндірісті жасауға жағдай туғызады.

Қазақстан құрылыс материалдарын өндіру үшін, шикізат қорына бай, қазіргі кезде жеріміздегі бар кен орнының тек қана жартысы ғана өңделеді. Мысалы, керамикалық бұйымдар шығару үшін, жоғары сапалы саздың қоры және шыны шығаруға кварц құмы бар.

Республикадағы минерал шикізат қорының таралу сандық деректері бойынша мынаны дәлелдейді, яғни құрылыс материалдарын – бетонды, сылақты, силикат бұйымдарын, қышты, кеуікті толықтырғыштарды өндіруге керек негізгі компоненттері әр аймақтан табылады. Қазақстанның шамамен жарты аймағында цемент шығаруға керек шикізаттың қоры бар, бұл аймақтар бойынша құрылыс материалдар базасын орталандыру ұстанымына сай келеді. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймағында қиыршық тас және кесек тас өндіруге шикізат қоры бар.

Қазіргі кезде Қазақстан асбест (хризотил) қоры бойынша алдыңғы қатарлы елдердің арасында 3 орынды алады, шамамен 25,0 млн. т бар. Тек қана Жетіқара кен орны пайдаланылады және оның асбесті ТМД елдерінің 200 көп кәсіпорындарына жеткізіледі. Қалған кен орындары резервте немесе пайдалануға дайын тұрғандар.

Алматының құрылыс материалдары ғылыми зерттеу институты Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірлесе жұмыс жасау салдарынан волластонит негізінде глазурленген керамикалық материал алу мүмкіншілігін зертеді, құрылыс нарқын қазіргі заманға лайық жоғарғы тиімді композициялық материалмен қанағаттандыру үшін, кеуікті бетон шығару тұжырымдамасы ұсынылды. Ішкі сұранысты қанағаттандыру жолында Индер кен орнының гипс шикізаты негізінде құрылыс және жоғарғы беріктілі гипс алу зерттеулері жүргізілді.

Қуаттылығы 18 млн. кв. м болатын Қапшағай зауытында «Кнауф» неміс компаниясы түрлендірілген жоғарғы сапалы гипскартон табағын шығарып жатыр. Оған шикізат Жамбыл облысының кен орнынан әкелінеді. Жаңа компания «КнауфгипсҚапшағай» ішкі сұранысты және сыртқа шығару мақсатында бағытталынған.

Республикада гипсті пайдалану бойынша жаңа технология игерілді. Институтта құрғақ құрылыс қоспалары, көбікті гипс бойынша жұмыстар жасалып жүр.

Сонымен қатар, осы жылдары қазақстан ғылымы көптеген салалар бойынша халықаралық деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізді және де ғалымдардың еңбегін ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар да жеткілікті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов ұлттың интеллектуалды әлеуеті, ол іргелі және гуманитарлық зерттеулерді қамтамасыз етіп, қолдау жасау деген болатын.

Алдағы уақытта құрылыс материалымен айналысатын қандай да кәсіпорын үшін, ең маңызды міндеттердің бірі – құрылыс материалдар өндірісін жаңғырту, инновациялық технологиялардың санын арттыру болып табылады.

Бұдан тұжырымдайтынымыз, Қазақстанда әр түрлі құрылыс материалдарын өндіру үшін, мол шикізат қорының бар болуы. Кейбір шикізат түрінен – асбест, волластонит, кварц және т.б. республика алдыңғы орынды алады. Кең шикізат қорының болуы, ғылыми-техникалық зерттеулер және құрылыстың үдемелі жүруі, отандық құрылыс материалдар өндірісін дамыту қажеттілігін орынды екенін көрсетеді.

Кенжебек Ақмалаев,

Қ.И. Сәтбаев ат. ҚазҰТУ

1177 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы