• Өндіріс
  • 25 Маусым, 2015

ЖАҢА МАРКАДАҒЫ ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР

Мемлекеттік бағдарлама жағдайында қолжетімді болып отыр

Зауыттан су жаңа шыққан жеңіл көлікке қызықпайтын адам жоқ. Өскемендік машина жасаушылар мұны жақсы біледі. Бұл қалада қазақстандықтардың отандық өнім «KIA» көлігін сатып алуға деген қызығушылығы артып келеді. Мамыр айында осы марканың 14 үлгісінің сатылымы бірден 51 пайызға өскен.

Шығыс Қазақстандағы «KIA Motors Kazakhstan» ком­паниясының атқарушы директоры Андрей Толс­тиковтың айтуынша, қолайлы баға сұраныс пен жеңіл­дік несиемен мемлекеттік бағдарламаның қолға алынуы арқасында сатылым осы айда жоғары көрсеткішке жетті. «Елімізде аталған марканы сатып алушылар саны 51 пайызға ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда, тіпті нарықта қиын кез қалыптасқанның өзінде де сатылым артты. Бұл қазақстандықтардың KIA брендіне ерекше қызығушылығын көрсетеді, клиенттерімізге отандық өнімді қолдағаны үшін алғыс білдіреміз», – дейді компания басшысы.
Компания мамандарының есебі бойынша 2015 жылдың 5 айында көлікті елдің 4740 тұрғыны сатып алған. Ең сұранысқа ие седан мен хэтчбек «Rio» маркасы болса, мамырда «Sportage», «Sorento» және «Optima» үлгілерінің сатылымы рекордтық деңгейге жетті. Айтқандай, 2015 жылғы 4 айдың нәтижесі бойынша «KIA» Қазақстан нарығында ең көп сатылатын көліктердің «ТОП» үштігіне кірді.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 4 мамырдан бастап KIA көлігін 4 пайыздық номиналдық ставкамен сатып алуға болатыны хабарланды. Барлық марка үлгілері мемлекеттік бағдарлама жағдайында қолжетімді болып отыр.

577 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы