• Өндіріс
  • 02 Шілде, 2015

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАҢА КОМБАЙНДАР

Мұнда астық жинайтын техниканың  топтамалық өндірісі іске қосылды

 

Қазақстандық шаруаларға тиімді қолдау көрсеткісі келген қостанайлық «АгромашХолдинг»  кәсіпорны CNH Industrial компаниясымен бірігіп, New Holland астық жинайтын комбайндардың топтамалық өндірісін іске қосты. Бұл қазіргі таңда  өз класында ең әмбебап өнімдер болып табылатын дәстүрлі комбайндардың  ТС 5080 және ТС 9505 екі модулі болып табылады.

«АгромашХолдинг» АҚ басқармасының төр­аға­сы Алексей Сидоренконың айтуынша, бұл ауылшаруашылық саласындағы бірінші жоба көрінеді.
– Басқа жобаларды іске асыру сала­сындағы ынтымақтастықты ретке келтірген кезден бастап CNH бізге комбайндар өн­дірісін қосу ұсынысын жасады, – дейді  басқарма төрағасы Алексей Сидоренко. – Сон­дай-ақ, аграрлық бағыттағы аталған брендтің басқа өнім түрлерінің өндірісін кеңейту мәселесі талқыланып отыр. Өткен жылы біз өз мамандарымызды Польша­дағы ауылшаруашылық зауытына жіберген едік. Онда олар компоненттер өндірісі және құрастыру процесінің өзімен танысып қайт­ты. 
Қостанайлық әмбебап жаңа комбайн­дардың алғашқы аяқ алыстары көңіл қуан­тады. Бұл туралы компания башысы оз ойын тиянақтай келіп: «Біздің мақсатымыз – ішкі нарықта ауылшаруашылық өнім­дерінің кең спектрін дамыту және оны кеңейте түсу. Бұл өз кезегінде клиенттеріміздің талаптарын қанағаттандырады және өнімімізді көршілес елдерге экспорттауға ынталандырады», – дейді.

Ислам Асфендияр

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы