• Өндіріс
  • 23 Шілде, 2015

АЙМАҚТАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІРІ ЖОБА

Ақтөбеде жаңа электр стансасы іске қосылды

Өңірдегі бұл үлкен жаңалық ақтөбеліктерді ерекше қуанышқа бөледі. Жаңа индустрияландыру бағытындағы бұл ірі инновациялық жобаны Ақтөбе рельс арқалықтары зауыты ұжымы жүзеге асырды. Аталмыш зауытта қуаты 38,9 МВт газ-поршенді электр стансасы пайдалануға берілді.

Жаңалықтың жақсылығы сол, газ-поршенді электр стансасын пайдалануға беру кәсіпорынға болат прокаттарын өндіру шығындарын кемітуге, сондай-ақ, аймақтың электр қуатына деген қажеттілік проблемасын шешуге зор мүмкіндік береді. Негізінен жылдық қуаты 450 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы рельс арқалықтары зауытының жалпы құны – 399,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның үстіне қажетті қаржының 61,2 пайызын «Қазақстан даму банкі» АҚ 10 жылға жеңілдікпен беріп отыр.
Ақтөбе рельс арқалықтары зауыты жылына 220 мың тонна теміржол рельстерін, 230 мың тонна швеллер, тастама сияқты сортты өнімдер шығарады. Зауыт іске қосылғанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың теміржол рельстеріне деген қажеттілігі толық өтеледі. Сондай-ақ, бұл өнімдерді Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және басқа елдердің нарығына шығару көзделіп отыр. Кәспорынға инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге «Бизнестің жол картасы-2020» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 3,1 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді.
Алыптың адымы көз қызықтырмай қоймайды. Қазіргі заманғы озық технологиямен жабдықталынған жаңа электр стансасы төрт модульді құрылғылық стационарлық агрегаттан тұрады. Зауыттық дайындықтағы қосалқы қондырғылар модульдері өндіріс жағдайында сынақтан өткізілуде.
Атап айтар болсақ, бұл құрастыру мен сынақ мерзімін қысқартуға, тиісінше құрылыс алаңында құрастыруға және сынақтан өткізуге кететін шығындарды кемітуге алғышарт жасады. Бұл – әрине, үлкен жетістік.
Жаңа электр стансаның басқа да ерекшеліктері көп. Стансадағы автоматты басқару жүйесі мен мониторинг қондырғылардың генераторларын, олардың қосалқы механикалық және электр-техникалық жүйесін қауіпсіз, сенімді, тиімді және ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді.
Тағы бір сүйінішті жағдай, стансада 18 жаңа жұмыс орны ашылды. Газ-поршенді электр стансасын пайдалануға берудің арқасында рельс арқалықтары зауытының электр қуатын көп қажет ететін прокат өндірісі толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілді. Іске қосылған электр стансасы кәсіпорынның сұранысын қанағаттандырып қана қой-майды, қала қажетіне 20-25 МВт электр қуатын бөлетін болады. 
Кәсіпорынның болашағы жарқын, оның игілігі мен шапағатын өңір тұрғындары өмірбойы көретін болады. Мұндағы білікті мамандардың үлкен шоғыры жұмыс істейді.

Ибрагим Бекмаханұлы

 

533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы