• Өндіріс
  • 31 Шілде, 2015

Өндіріс қарқынын өркендеткен

Батысқазақстандық «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсірді. Компаниядағылар мұндай жетістіктің сыры мемлекеттік бағдарламаларға қатысудан деп біледі.   

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ның газ, кәріз, су жеткізетін құбырлар (труба) өндірісімен айналысқанына сегіз жылдың жүзі болды. Компания директорының орынбасары  Алексей Апасовтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жеңілдетілген несиелер түріндегі мемлекеттік көмек-қолдау мен  тапсырыстар кәсіпорынның өндіріс қарқынын еселеп, өндіріс орнын жаңғыртуға жол ашты.

Биыл серіктестік бірқатар ірі жобаларға қатысуда. Осы жобалар шеңберінде Қызылорда, Тараз қалаларына түрлі көлемдегі құбырларды уақытылы жөнелтіп отыр. Сонымен қатар Орал қаласындағы айналмалы кәріз құрылысын да өз өнімдерімен қамтитын болды. Шаған өзені арқылы өтетін кәріз құрылысы жобасының жалпы құны 1,6 миллиард теңгені құрайды. 
-Компания кәріз құрылысына қажетті диаметрі 1000 метрлік 1600 тонна полиэтилен құбырын жеткізеді.  Жобаға биылғы шілде айынан бастап атсалысудамыз. Өндірістік жоба-жоспар бойынша кәріз құрылысы жылдың аяғында аяқталмақ. Одан басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және газдандыру жобалары бойынша Тараз және Қызылорда қалаларына құбыр өнімдерін жеткізуді мойнымызға алдық, - дейді «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Алексей Апасов. 
Қазір өндірістік цехтарда 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Олардың барлығы дерлік жоғары технологиялы құрал-жабдықта жұмыс істеу үшін арнайы оқу курстарында оқып, машықтанған. Алексей Апасовтың айтуынша, әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс кәсіпорынға өз салқынын тигізген жоқ деу қиын. Бір өндіріс орнындағылар шикізат бағасының құбылуына тап болса, өзгелері белгілі себептермен өндіріс көлемін төмендетіп алды. Өзге де экономикалық факторлардың әсері білінеді. «Мысалға, рубль бағамының төмендеуі Ресейге өнім түрлерін шығаруда қиындықтар тудырды. Осыған қарамастан мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бізге тек өткен жылғы өндірістік көлемді сақтап қана қоймай, оны өсіруге жол ашты. Биыл кәсіпорында 8 мың тонна полиэтилен өңдеу жоспарланса, биылғы бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 4,5 мың тоннаны құрады».- деді А.Апасов. 
Нарықтағы сұраныстың жоғары болуы компания басшылығының өндіріс орнын жаңғыртуына мүмкіндік берді. Өткен жылы кәсіпорынның труба цехына жаңа германиялық  «Krausmaffei» желісі орнатылды. Жоғары технологиялы желіде 1600 мм-ге дейін құбырлар өндіреді. Мұндай желі елімізде – біреу, ал ТМД елдері бойынша барлығы үш желі ғана жұмыс істейді. Компанияның барлық өнімдері сертификатталған. Қазақстанда полиэтилен құбырларын шығаратын 10 зауыт қана осындай өнім өндірушілердің мемлекеттік тіркеліміне тіркелген. Солардың бірі оралдық «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өз өнімдерімен елге танылып үлгерді.  

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
 Батыс Қазақстан олысы 

662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы