• Өндіріс
  • 06 Тамыз, 2015

ТҰТЫНУШЫ ТАЛАБЫН ЕСКЕРГЕН зауыт жылына 12 мың шаршы метр түрлі өнім шығарады

Елордалық түрлі өнім шығаратын «Стеклянный дом» зауыты 2013 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Зауыттың сырт келбеті атына сай. Мұнда құрылысқа қажетті қалқалар, душ кабиналары, есіктер жасалады, сондай-ақ, шынылар мен айналарды өңдеп, көркем таңбалар салу ісі жүзеге асырылады. Бесаспап кәсіпорын атанған «Стеклянный дом» ғимарат интерьерінде, кеңселер мен дүкендерде пайдаланылатын шыны өнімдер жасаумен де тұрақты айналысады.

– Біз конструкциялар да жасаймыз: олардың қатарында баспалдақтар, балкондар, қоршаулар, жақтаулар, т.б. бар. Оқ өтпейтін шынылар да шығарамыз, – дейді  «Стеклянный дом» ЖШС директоры Александр Гаврилов.
Зауыт жабдықтары негізінен Қытай мен Ресейден әкелінген. Еуропадан жеткі­зілген бірнешеуі тағы бар. Компания шыныны эмальдауға, шынықтыруға арналған құрылғылар алуды да жоспарлап отыр. Бұл өнім түрлері мен тапсырыстарды екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зауытта 40 адам жұмыс істейді. Елімізде өндірістің осы саласында арнайы мамандардың аз болуына орай мамандардың көп бөлігі жұмыс барысында тәжірибеден өтіп, өз ісіне машықтанады. Бұлардың дені өздігінен оқып жүрген жастар болып табылады.
Зауыттың жылдық өнімі 30 млн теңгені құрайды, бұд дегеніңіз – 12 мың шаршы метр шыны өнімі. Алайда, зауыт басшылығы үш жылдың ішінде өндірісті 50% арттыруды көздеп отыр.
Бүгінде зауыт өнімдері Астанада ғана емес, барша Қазақстанда пайдаланылады. Елордалық «Азия парк» СОО, «Керуен» СОО, «Мега» СОО, «Алау» МС секілді ғимараттардың шыны интерьерлерін «Стеклянный домның» шеберлері жасаған.
– Менің ойымша, отандық өндірушіні қолдау жай сөз емес, бұл әсер беруі керек және әсер етіп келеді де. Бізбен жұмыс істеген неге ыңғайлы? Біз үлкен қаладамыз, қызмет көрсетудегі кез-келген мәселені дәл қазір осы жерде шешуге болады, – дейді А.Гаврилов.

Ибрагим бекмаханұлы

 

536 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы