• Өндіріс
  • 20 Тамыз, 2015

ӨҢІРЛІК БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Астанада өтетін республикалық көрмеге жолдама алды

Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Оны облыс әкімдігі, өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков осы шараға арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде өңірде индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжыл­дығын жүзеге асырудың белсенді түрде жүргізіліп жатқа­нын атап өтті.
Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемле­кеттік бағдарламасын іске асырудың алғашқы бесжыл­дығында облыс бойынша 6,5 трлн теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, Индустрияландыру картасы аясында бір­қатар өндірістер іске қосылды.
Өткен аптада «Үздік өндірістік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өткізілген өңірлік көрме-байқауы­ның жеңімпаздары анықталды. Байқау қоры­тын­дысы бойынша «Үздік өндірістік тауарлар» аталымында І орынға Бұқар жырау ауданының «Бемер Арматура» ЖШС-ы ие болса, ІІ орынды Балқаш қаласының «Түсті металдар өңдеу зауыты» АҚ, ІІІ орынды Қарағанды қаласының «Bekem-Plast» ЖШС иеленді. 
«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында бірінші орынға «Қарағанды металл бұйымдар зауыты» лайық деп танылса, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС-ы мен «Тэгам» ЖШС-ылары бөлісті. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында бірінші орынды «Eurasian foods» АҚ, екінші орынды «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС алды, ал үшінші орынға бұқаржыраулық «Ақнар құс фабрикасы» ЖШС-ы ие болды. 
Байқау-көрме лауреаттары енді жыл соңында Астанада өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары-2015» байқауына қатысады.

Ибрагим Бекмаханұлы

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы