• Өндіріс
  • 27 Тамыз, 2015

Өңір мақұлдаған жобалар

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері өңірлік үйлестiру кеңесiнде Индустрияландыру картасына қосу үшiн 23 жоба қарастырылып, жалпы көлемi 7,9 млрд теңге инвестицияны құрайтын 20 жоба мақұлданды.

   Облыс әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қолдауға ие болған жобаның бірі – «РимҚазАгро» ЖШС директоры Ирина Демидованың жылдам әзiрленетiн тағам өндiрiсi. Қазiр ілезде әзiрленетiн ботқалар мен сорпалар жақын және алыс шет елдерден импортталуда. Кәсіпкер мұндай тауарларды өткiзу тәжiрибесi мен тауар өткiзу нарығы реттелгенiн айтады. Жылына 500 тонна ілезде әзiрленетiн вермишель, 46 тонна ботқа, 6800 тоннадан астам картоп езбесi және өзге де өнiмдер шығару жоспарланған. Жоба құны – 1124 млн теңгенi құрайды, 58 жұмыс орны ашылады. 
Сүт өнiмдерiн өндiру өндiрiсiн жаңғырту жобасымен «Сергеевка Сүт өнiмдерi» ЖШС мен «Тайынша Сүтi» ЖШС келдi. Кәсiпорындар жаңа жабдықтар сатып алып, өндiрiс қуаттылығын арттырмақ. Сондай-ақ өндiрiстi жаңғырту арқылы «Тайынша Сүтi» ЖШС өнiмдi бөлшектеп орау өндiрiсiн де iске қоспақшы. Сүттi қайта өңдеу кәсiпорындарының жобалары Индустрияландыру картасына қосу үшiн мақұлданды.
«Атай-СК» ЖШС құс фабрикасын қайта жаң­ғыртуды жоспарлап отыр. Қазiр кәсiпорын жылына 75 млн дана жұмыртқа шығарады. Жаңғырту жұмысынан кейiн шығарылым көлемi жылына 102 млн данаға дейiн артпақ. «Атай-СК» ЖШС қаржы талдаушысы Серiк Бегiмбетовтің айтуынша, компания жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңмен өткiзiп, жаңа жабдықтар сатып алмақ. «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 950 млн теңге көлемiнде қаржы алынып, былтыр құс фабрикасын жаңғырту жұмыстары басталды. ӨҮК бұл жобаны да мақұлдады.
Сондай-ақ Индустрияландыру картасына Ақ­жар ауданындағы «Малахит Касс-Талл» ЖШС-нің шөлмектегi су өндiрiсi жобасы енгізілді. «Құрамында қалайы бар кендердi өңдейтiн «Сырымбет» тау-кен кешенiнiң құрылысы» мақұлданды. Жобаның құны – 10 млрд теңге, 500-ден аса жұмыс орны ашылады. Тау-кен-металлургиялық кешенi 2018 жылы пайдалануға берiледi деп жоспарланған.
Солтүстiк Қазақстан облысында ҮИИД МБ бiрiншi бесжылдығында 32 жоба жүзе асырылды, оның 27-сі бүгінде 80 пайыздық қуаттылықпен жұмыс iстейдi. Ал, биыл жыл басынан бері Индустрияландыру картасы бойынша 11 жоба iске қосылды.

577 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы