• Бизнес & Қоғам
  • 09 Ақпан, 2012

Кеден Сауда айналымы қырағы қадағалануда Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бөлімшесінің қызметіне байланысты «Әуежай-Ақтау» кеден бекеті 2011 жылы біршама маңызды жұмыстарды атқарып, былтырғы жылды табысты қорытындылаған болатын. «Әуежай-Ақтау» әуе-жүктасымалдау кеден бекеті Ақтау қаласының халықаралық аэропорты аймағында орналасқан. Қала мен бекет арасындағы қашықтық - 27 шақырымды құрайды.

Кедендік бекеттегі ішкі сауда айналымы экспорттық-импорттық операцияларды қосқанда 141,8 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде ішкі сауда айналымы – 121,9 млн теңге болса, сыртқы қаржы көзі – 19,8 мың теңгеге шаққан. Былтырғы жылы бекетте саудаға қатысты 5091 декларация рәсімделген, оның ішінде «Күнбе-күн» жүйесі де бар. Кеден бекетінде реттеліп, рұқсат етілген құжаттардың басым көпшілігі мұнай өндіру саласына арналған жүктер. Есептік кезеңде 428 транзиттік декларация реттеліп, тауарды уақытша сақтау жөнінде 5176 құжатқа ресми түрде қол қойылған болатын. Аталған жұмыстарды нақты жүзеге асыру мақсатында республикалық қазынадан кедендік қаржыландыру мен салыққа 1,5 млрд теңге бөлген-ді.

Кеден бекетінің құқық қорғау жүйесінің қызметі барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша 10 заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Соның ішінде 4 қылмыс - заңсыз түрде рәсімделген шетел ақшасына қатысты анықталса, 6 заңсыз әрекет - зергерлік бұйымдарды рұқсатсыз тасымалдау кезінде ұсталған.

Еліміздің батыс аймағында орналасқан келесі бір шекаралас теңіз-жүк тасымалдау кеден бекеті – «Морпорт» деп аталады. Өмірзақ ауылында орын тепкен бекеттің Ақтау қаласына дейінгі арақашықтығы – 9 шақырым.

Былтырғы жылдың статистикалық мәліметіне көз жүгіртер болсақ, жалпы ішкісауда айналымы – 426,2 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде ішкі сауда – 362 млн доллар болса, сыртқы айналым – 64,4 млн АҚШ долларына жеткен. Сондай-ақ, өткен жылы сауда жүйесіне қатысты 5 124 декларация толықтай рәсімделді. Кедендік салық және төлем бойынша 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жоспарланған тапсырмалар 4,0 млрд теңгені көрсетіп, кедендік қызметті іске асыру барысында қазынаға 5,5 млрд теңге кіріс түскен.

Былтырғы жылдың есептік кезеңінде кедендік рәсімдеу жүйесін жүзеге асыруда тауар жіктелімі бойынша 30 шешім қабылданған. Кеден бекетінің қызметтік қатынасына сәйкес, 2011 жылы басқа елден тасымалданатын кіріс жүктері мен шығыс сауда түріне арналған біршама құжаттар мақұлданып, күшіне енген болатын.

Кедендік қатынас жүйесі кезінде 1 922 тұлғаның құжаттары заңдық тұрғыда бекітіліп, мемлекет шекарасы арқылы жүк тасымалдауға рұқсат етілді. Сондай-ақ елімізге кіруге рұқсат етілген 5 510 транзиттік декларацияға қол қойылды. Соның ішінде 1 362 құжат - Ауғанстан еліне жүк тасымалдауға рұқсат берілген келісімді растайды.

«Морпорт» бекетінде азаматтардың шет мемлекеттерге баруы мен жүк тасымалдау жүйесін реттеу барысында Халықаралық тасымал шарты негізінде 459 кітапша рәсімделген еді. Бекітілген 459 кітапшаның 85-і - көршілес жатқан Қырғызстан, Грузия мен Түркия елдерінен «фасоль» тауарын тасымалдауға арналған. Осы мақсатты орындау барысында халықтың тұтынатын тауарларын тасымалдау қызметіне қатысты 1013 декларацияға қол қойылып, келесі жүктер елімізге Қытай мен Әзербайжан елінен әкеліне бастады.

Кеден бекеті қызметкерлерінің есеп беру кезеңі барысында контрабандалық жолмен күрес басқармасымен бірлесе отырып атқарған жедел-іздестіру шарасында заңсыз есірткі тасымалдамақшы болған екі заңбұзушылық жұмыстары анықталған. Аталған заңға қайшы әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 1-1 бөліміне сәйкес 259-бабы бойынша жауапқа тартылған. Сонымен қатар, кезекті тексеріс жүргізу барысында заңға қайшы рәсімделген құжаттары арқылы жеңіл жүк көлігін ұрлаған қылмыскер құрықталып, тиісті орындарға тапсырылды.

Жалпы алғанда, еліміздің батыс аймағында орналасқан теңіз-жүк тасымалдау бекетінен құқықбұзушылық әрекетіне қатысты 96 қылмыс орын алған. Әкімшілік қызметтің мәліметіне қарағанда, аталмыш қылмыстарға қатысты 5 млн теңге көлемінде айыппұл бекітілген.

549 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы