• Бизнес & Қоғам
  • 09 Ақпан, 2012

Халыққа тарту еткен комбинаттың қайырлы ісі Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

Егемен елімізде отандық өнеркәсіптің өрлеуіне оң серпін беретін бағдарламалар қатары бүгінде көбею үстінде. Мемлекет қолдауымен жүзеге асқан аталмыш әлеуметтік бағдарламалар - іргетасы Кеңестік кезеңде құрылған өндіріс ошақтарының жаңартылып, заманауи түрге енуіне септігін тигізіп келеді. 1939 жылы Балқаш қаласында май өндіру, қаймақ және сүт жинайтын бөлімше ретінде ашылған «Қарағанды сүт комбинатының» бүгінгі қызметі – халықты сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету болып отыр.

1955 жылы база бойынша қалалық сүт зауыты жүзеге асып, комбинатта қышқыл сүтті сусын мен балмұздақ өнімдері өндіріле бастайды. Ал 1967 жылдан бастап қалада сүт зауытына арналған жаңа кешен салынады. Біршама уақыттан кейін зауытта орын алған қайта құру жұмыстарына байланысты кешен мемлекеттік мекемеден «Балқашсүт» ашық акционерлік қоғамына айналады. 2005 жылдан бастап зауыт нарыққа «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС деген атпен белгілі болып, өнімдерін шығара бастайды. Сүтті өнімдердің 30-дан астам түрін өндіретін кәсіпорын мақсаты да биік, яғни тұтынушыларды сапалы, экологиялық жағынан таза өнімдермен қамтамасыз ету болмақ.

«Нәтиже» брендімен халыққа танымал сүт комбинатының өнімдері қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарына таратылады. Өндірілетін сүттің 70 пайызы комбинатқа Шет ауданынан жеткізіліп тұратындықтан, Абай мен Осакаров ауылдарында сүт қабылдайтын арнайы пунктер де ашылған. Жаз мезгіліне қарай бұл пунктерден күніне шамамен 50 тонна сүт жиналатын көрінеді.

Осыдан екі жыл бұрын Шет ауданында «Қызылқой» фермасының құрылысы аяқталған болатын. Қазіргі уақытта бұл қожалықта қызыл-далалы ұрғашы сиыр тұқымының саны – 150 бас. Барлығы жеті қызметкер еңбек ететін жеке меншік ферма сүтінен сапалы өнімдер шығару жұмысы кең етек алып келеді.

Комбинатта қышқылсүтті ашыту жұмыстарын орындау барысында өнімде сілекей бездері, асқазан, ұйқы бездері, сондай-ақ ішек жұмысын реттеуші сүт қышқылы пайда болады. Бұл сүт қышқылы асқазан сөлінің қызметі бұзылған адамдарға өте пайдалы болғандықтан, емдік сипатта қолданылады. Комбинатта әзірленетін өнімдерде сүт қышқылынан бөлек, биологиялық белсенділігі басым заттар да кездеседі. Бұл заттар – адам денсаулығына ауру тудыратын микробтарды ағзадан шығарады. Осы үрдіс арқылы ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін микроағзалар пайда болады екен. Осындай жоғары қасиеттілікке ие қышқылсүтті өнімдер медицинада кеңінен қолданысқа енген. Науқастарды емдеу мақсатында дәрігерлер дисбактериоз бен өткір ішек ауруларының алдын-алу барысында аталмыш өнімге жүгінеді.

Еліміз бен Ресейдің ғылыми-зерттеу институттарымен іскери қарым-қатынас орнатқан сүт комбинаты - «Биоайран», «Нәрине» сияқты инновациялық-пробиотикалық қышқылды өнімдер шығаруды қолға алып отыр. 2006 жылы кәсіпорынға ИСО 9001-2001, ИСО 14001-2001 халықаралық стандартқа сай сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйесі енгізілді. Барлық өнімдер қатаң бақылауда жүргізілетін сүт комбинатында 2007 жылы тағам өнімінің СТ РК 22000-2006 (НАССР) қауіпсіздік менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификатталды. Аталмыш стандарттық талапқа сай негізделген жүйелер арқылы «Қарағанды сүт комбинатының» өнімдері бүгінде жоғары тұтынушылық қасиетке ие.

509 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы