• Өндіріс
  • 23 Қыркүйек, 2015

Шыны зауыты жобасының жалпы құны – 197 млн доллар

Жақында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев аймақтағы  шыны зауытының құрылысымен танысты.

Шыны зауытыың құрылысы Қызылорда қаласындағы Титов мөлтек ауданында орналасқан индустриалдық аймақта жүргізіліп жатыр. Зауыт күніне 600 тонна (жылына 197 100 тонна) шыны табақшасын өндіретін болады. Бұл зауытқа қажетті шикізатты Қызылорда облысында орналасқан Сарышоқы кен орнынан жеткізу көзделіп отыр. Қосымша қоспалар  Қазақстанның басқа да облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан тасымалданады. ШЫНЫ ЗАУЫТЫ
Жобаның жалпы құны – 197 млн. доллар. Қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму банкі» бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы мен Қазақстан инвестиция Қоры инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі жүргізетін болады.
– Елбасының тапсырмасына сәйкес «Байтерек» холдингімен бірлесе осы шыны зауыты құрылысына кірісіп кеттік. Өздеріңізге белгілі, бұл индустриалды-инновациялық жоба, өнімнің экспорттық әлеуеті өте жоғары. Холдинг шақыруы бойынша құрылыс жұмысына АҚШ, Финляндия, Германия, Италияның маңдайалды компаниялары келді. Келісім бойынша, құрылыс алаңына инженерлік инфрақұрылымды жеткізу – біздің міндетіміз, бұл жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл зауыт іске қосылып, Сыр өңірінің әлеуетіне зор үлес қосады. Біз тек қана құрылыс емес, сондай-ақ, кадр мәселесімен де айналысып жатырмыз, – дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бір айта кетерлігі, жоба операторы зауыт салумен қатар, дайын өнімді өткізу нарықтарын анықтауда. Мысалы, бүгінгі күні «BI Group» компаниясымен, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығымен, сондай-ақ «Дана» фирмасымен өнімді жеткізуге шарттар жасалынған. Сыртқы нарықтарда тұтынушы іздестірілуде. Сарапшылардың бағамы бойынша өнімді өткізудің басты нарықтары – бұл Ресей Федерациясының Сібір өңірі, Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан), Ауғанстан мен Үндістан болмақ. 
– Құрылыс жұмыстарының басталғанына 4 айдан асты. Қазіргі кезде 100-ден астам жұмысшы және 20 шақты техника жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда дайын өнімге арналған қойманың құрылысы жүріп жатыр. Құрал-жабдықтарды жеткізушілердің бәрі – әлемге белгілі Америка, Германия, Италия секілді елдердің компаниялары, – дейді аймақ басшысы.

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы