• Қаржы
  • 02 Қазан, 2015

Басты назарда – баспагер беделі

Өркениетті дүниеде үкілі мамандықтар сапынан саналатын баспагерлік кәсібі бүгінде электроника мен  ғаламтордың  дамуына орай бұрынғы биігінен айырыла бастады. Білім бұлағы – кітап редакторлары мен менеджерлерін  «баспа ісі» мамандығы бойынша даярлайтын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  заманауи ғылыми әлеует, материалдық-техникалық негіз жасақталған, оқулық-әдістемелік қор байытылған. 

Дегенмен, әлі де шешімін тосып тұрған мәселелер баршылық, бұлардың ең бастысы- мамандықтың нарықтағы танымалдылығын және оған деген сұранысты арттыру. Сондай-ақ бойында қаламгерлік қабілет, таным мен талғам негіздері бар үміткерді баспагер-редактор мамандығына шығармашылық конкурс арқылы таңдап алу.  
Журналистика факультетінде өткен «Баспа ісі мамандығының мәртебесі: имидж және тәжірибе» атты алқасөз мәжілісі осынау көкейтесті тақырыпқа арналды. Қарапайым баспагерлікті халық қол еңбегімен байланысты кәсіп деп ұғынатындықтан, мамандық атауын өзгерту, кітаптану ғылымын дамыту мәселесін шешу үшін магистратура ашу жөніндегі ұсыныс көпшілік тарапына қолдау тапты. Баспа ісінің ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғалымдар мен зерттеушілер, шәкірттер қатысқан алқалы жиын тақырыптары бойынша арнайы қарар қабылданды.

Жетпісбай Бекболатұлы

474 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы