• Қаржы
  • 02 Қазан, 2015

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды

Ғылым мен техника, мәдениет пен өнер жаңалықтарының жаршысы болып табылатын көрмелер мен жәрмеңкелердің қазақ жеріндегі тарихы тереңнен, сонау Жібек жолы дәуірінен тамыр тартады. Сондай-ақ күні кешегі халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмелерін неге ұмытамыз? Көрме жұмысын насихаттағанымыз – ел экономикасын насихаттағанымыз, сондықтан да бұл міндет бұқаралық ақпарат құралдарының діттеген нысанасы болуы керек.  

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен «Бас редакторлар клубы» бірлесіп Қазақ ғылымы мен білімінің қара шаңырағы-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізген «Экспо-2017»: Адами капиталдың орнықты даму медиатұғырнамасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры – редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин сөзін осылай сабақтады. Ғылыми конференция­да университет ректоры Ғ.Мұтанов, Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбай және басқалар сөз сөйлеп, ой-пікір білдірді.
Қат-қабат шаруашылық мәселелерін көтеретін еліміздегі байырғы «Экономика» газеті атқарып отырған тындырымды тірліктер турасында ой қозғаған қаламгер ҚазҰУ мен басылым арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру маңыздылығын атап көрсетті. 

Жетпісбай Бекболатұлы

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы