• Бизнес & Қоғам
  • 09 Ақпан, 2012

Ұлттық холдинг мелиоративтік техниканы қаржыландыруда Мақпал САҒЫНДЫҚ

ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған «ҚазАгроҚаржы» компаниясының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде шаруашылықты құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы еліміздің аграрлық секторының дамуына қолдау көрсету болмақ.

Жуырда акционерлік қоғам жаңа қаржыландыру бағытын бекітіп, әр аймақтағы шаруашылықтың өтініштерін жүзеге асыруды қолға алған-ды. Осы мақсатта Қызылорда облысының күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтары «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында мелиоративтік жұмыстарды жүргізетін техникалар сатып алуға мүмкіндік алып отыр.

Күріш дақылын өсіріп, сапасы жоғары, мол өнім алу үшін де белгілі бір ерекшеліктерді естен шығармаған жөн. Мәселен бұл ерекшелік - күріш өсіру шаруашылықтарындағы капиталды қажет ететін суару жүйелерінің – коллекторлық-дренаждық желілердің, гидро-техникалық құрылымдардың, суару каналдары мен басқа да жағдайлардың байланыстылығынан аңғарылады. Дақылды дер кезінде егіп, одан қажетті өнімді алу үшін де механикаландыру техникалары жақсы жұмыс істеуі шарт. Осы ретте аталмыш компания шаруа қожалықтарына тиісті техниканы сатып алуға мүмкіндік берумен қатар, күріш тазалайтын және қайта өңдейтін желілерді жаңадан пайдалануға жағдай жасауда.

Үстіміздегі жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» мелиоративтік техникалардың қаржы лизингісін көздейтін бағытты жоспарлағандықтан, жаңа жұмысқа сәйкес, отандық күріш өсірушілер қажетті техника құралдарының барлық түрін тиісінше қолдануға мүмкіндік алып отыр. Оның ішінде – бульдозерлер, экскаваторлар, канал қазғыштар, шөмішті тегістеуіштер, жаңбырлатқыш және суландыру машиналары, импульстік суару жүйелері, лазерлік тегістеуіштер сияқты ауыл шаруашылығына қажетті техниканың басқа да түрлері жетерлік.

Бағытты меншік жұмыстарын аталмыш отандық компания өз қаражаты мен тартылған қаражат есебінен жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мәселен, меншікті қаражат есебінен қаржыландыру талаптары бес жылға дейінгі мерзімде жылына 8 пайыздық көрсеткіш ретінде орындалады. Компанияның статистикалық деректері бойынша, еліміздің басты күріш шаруашылығын дамыту жұмыстарын қолға алған – Қызылорда облысында былтырғы жылы 77,3 мың га жерге күріш дақылы егіліп, жалпы түсім көрсеткіші 365 мың тоннаны құраған. Ал биылғы жылы осы аймақтың 70 мың га жеріне күріш егу жұмыстары жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 450-ге жуық күріш шаруашылықтары жұмысын жалғастыруда.

«ҚазАгроҚаржы» ұлттық компаниясы 2000-2011 жылдар аралығында күрішті аймақтың шаруашылығына 9,3 млрд теңге қаржы құйған. Жалпы айтқанда, аймақтың аграрлық секторын дамыту мақсатында отандық компания 5,3 млн теңгеге 978 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған.

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы