• Қаржы
  • 18 Қараша, 2015

ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР АЙНАЛЫСҚА ШЫҚТЫ

Ұлттық банк биыл 13 қарашадан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды. 

Атап айтқанда, «рroоf» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік «М. Ғабдуллинге 100 жыл», сондай-ақ номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істегеніне бір жыл толуына арналған «Еуразиялық экономикалық одақ» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды. 
Биылғы жылы Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толады. Осы мерейтойға арналған «М. Ғабдуллинге 100 жыл» күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың сыртқы бетіндегі бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.  
Монеталардың сырт жағының (реверсінде) оң бөлігінде Мәлік Ғабдуллиннің бейнесі орналасқан. Портреттің сол жағында мемлекеттік тілде «100 ЖЫЛ» деп жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.
Күміс монеталардың бет жағының (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаның салмағын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба  бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек жүргізілген.
Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағының жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбадан оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба бар. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба бар.
Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген, айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі. 925 сынамды күмістен жасалаған монеталардың салмағы  – 24 гр,  диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы «proof», таралымы – 1 мың дана, ал «нейзильбер» қоспасынан жасалғандардың диаметрі – 31 мм, салмағы – 11,17 гр, таралымы – 100 мың дана.
«Еуразиялық экономикалық одақ» ескерткіш монеталары Еуразиялық экономикалық комиссиясының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде Одақтың бір жылдығына ескерткіш монеталарды қатар шығару жөніндегі ұсынысына сәйкес дайындалған. Монетаның сырт жағы тампобасуды қолдана отырып орындалған.
Номиналдық құны 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар еліміздің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Бекет КӨКЕНАЙҰЛЫ

546 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы