• Өндіріс
  • 25 Қараша, 2015

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Павлодар зауыты жобасын Новосібір компаниясы жүзеге асырмақ

 

Павлодарда биылғы жылдың қазан айының алғашқы онкүндігінде өткен «Ертіс Инвест – 2015» халықаралық инвестициялық форумы аясында Новосібірдің «Сиб­ИнвестГруп» компаниясымен «Павлодар облысы аумағында автокөлікке арналған алюминий дискілерін шығаратын зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Бұл жоба Павлодар аймағы үшін өте маңызды болып отыр.

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен Новосібір облысының губернаторы Владимир Городецкийдің арасында болған кездесуде жаңа зауыттың  салынып, оның іске асырылу барысында жан-жақты қолдау көрсетудің егжей-тегжейі пысықталды.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ инвестициялық саясаттағы өзара ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев екі облыстың орталықтары арасында әуе қатынасын ашу мәселесін шешуді ұсынды.
Ресей – облыстың басты сауда серіктестерінің бірі. 2014 жылы Ресеймен жасалған сауда көлемі 1,9 млрд. долларды құрады, оның ішінде павлодарлық кәсіпорындар Ресейге Қазақстанда жасалған 1 млрд. доллар сомасындағы тауарлар мен өнімдерді жеткізді, ал, Ресейден облыс аумағына 900 млн. доллар сомасында ресейлік тауар әкелінді.
Павлодар облысынан Новосібір об­лысына кабель-өткізгіш өнімі, азық-түлік жеткізіледі. Новосібірден негізінен машина жасау өнімдері жеткізіледі, атап айтқанда: құрал-жабдық, қосалқы бөлшектер, жүк көтергіш механизмдер, буып-түю өнімдері, халық кеңінен қолданатын заттар және т.б.
Өзара ынтымақтастықтың қос тарапқа да берер пайдасы мол. Енді Павлодар облысы аумағында авто­көлікке арналаған аллюмний дис­кілерін шығаратын жаңа зауыт салынып, өның өнімдері Ресейге, т.б. шет елдерге экспортталатын болса, онда аймақтың да абыройы артып, табысы тасқындай түсетіндігіне куә боларымыз анық.

Ислам Асфендияр

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы