• Өндіріс
  • 14 Қаңтар, 2016

Aлматының БАЛМҰЗДАҚ ӨНІМДЕРІ Моңғолияға экспорттала бастады

Балмұздақ өндірумен айналысатын «Шин-Лайн» ЖШС өнімдерін Моңғолияға экспорттай бастады. Компанияның бұл орайдағы жетістіктері мен  болашақ жоспарлары айтуға тұрарлық.

– «Шин-Лайн» компаниясының негізі 2002 жылы Алматыда қаланды. Жар­ғылық капиталы 600 млн теңге болса, 2014 жылы кәсіпорын айналымы 3 млрд теңгені құрады. Аталған кәсіпорында балмұздақ, асептикалық сүт өндіріледі. Онымен қатар, кәсіпорын Қазақстанда ірі дистрибьюторлық желі қалыптастырған.
– 2004 жылдан бері балмұздақ өн­дірісін жолға қойдық. Бұл сала өндірістің шамамен 77 пайызын құрап отыр. «Шин-Лайн» тауар белгісімен 6 түрлі балмұздақ шығарады, – дейді компания басшысы В.Пак. – 2005 жылдан бері біз асептикалық сүт шығарамыз. Әрине, балмұздақ маусымдық бизнес болғандықтан, қыс кезінде бағалы кадрлардан айырылып қалмас үшін асептикалық сүттің өндірісін дамыттық. Осы бағытта Оңтүстік Кореялық «Бенгре» компаниясының франшизасын сатып алдық. Қазір олардың желісімен шығарылатын балмұздақтарымыздың ТМД аймағында теңдесі жоқ. 2009 жылы Қазақстанда ірі дистрибьюторлық желі қалыптастырдық. Біздің қолымызда суық температураны сақтайтын техника баршылық болғандықтан, мұздатылған жартылай фабрикат өнімдер, сары май жеткізе бастадық. «Нетсле»» мен «Бондюэль» компанияларының ресми дистрибьюторы болып отырмыз. Осылайша нарықты зерттей келе, жеткізіп жүрген тауарларымызды енді өзіміз өндірсек деген ниеттеміз. 2012 жылдан бері жылдам дайын болатын лапша өндірісін жолға қойдық.
Айта кету керек, кәсіпорын қазір балмұздақ өндіруде Қазақстан бойынша көшбасшы болып отыр. Алайда, бұл бизнестің де өзіндік қиындықтары бар көрінеді. Басты қиындық, қалалар арасындағы үлкен қашықтық компания өнімдерін межелі жерге  жеткізуге елеулі кедергі келтіреді. Мысалы, Алматы мен Атыраудың арасы 5 мың шақырым. Сондықтан, Қазақстанның әр өңірінде шағын өндіріс орнын ашуға мүдделі екендіктерін компания басшылары жасырмайды. Сондай-ақ, кәсіпорын зауыттарында өзге команияның өнімдері де қорапқа салынып, қапталады. Ол үшін заманауи техникалық құрал-жабдықтар пайданылады.
Компания Оңтүстік Кореялық әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан. «Хюндай», «Джен сунг рефрижератор» компанияларынан қажетті тоңазытқыш құралдарын жеткізіп тұрады. Шығарылатын өнімнің 6,7 пайызы шетелге экспортталады. Бүгінде кәсіпорынның өнімдері Ресей мен Қырғызстанға жеткізіледі. Жақында компания Моңғолия нарығына  шыға бастады.
Кәсіпорын директорының айтуынша, мұнда аттестациядан өткен арнайы лабо­ратория бар. Онда дайын өнім мен шикізат тексеруден өтеді. Компания «ISO» стандартымен әрі халал стандартымен сертификатталған. Өзінің ветеринарлық қызметі бар. Мұнда ШОБ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдаудың бар­лық құралдары пайдаланылған.
Сонымен қатар, кәсіпорын «Бизнес­тің жол картасы-2020», «Өндіріс» бағдарла­маларына қатысты. Қазір «Бәйтерек» хол­дингі жариялаған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысуға дайындықтар жүруде.

Ибрагим Бекмаханұлы

795 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы