• Өндіріс
  • 27 Қаңтар, 2016

ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Онда биохимиялық тыңайтқыш пен  құрама жем шығарылады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Lotus Food» және «Organic Algae - Fertilizer» ЖШС-і түрік компаниялары арасында Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтан жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрайтын биохимиялық тыңайтқыш пен құрама жем шығаратын заманауи зауыттың құрылысы жөнінде келісім жасалды.

Аумағы 6 гектарды қамтитын жоба келешекте 200-250 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаруды толық қамтамасыз ететін болады.

Соңғы кездері экологияны бұза­тын синтети­калық тыңайтқыштардың көптеп шығарылып жат­қаны бел­гілі. Ал қазақ-түрік әріптестігі негізінде өндірілетін тыңайтқыштар топырақтың физикалық және химиялық қасиетін жақсартып, құрамын же­тіл­діретін болады.
Осыған байланысты синтетикалық тыңайт­қыш­­­тар­дың баламасы ретінде бұдан былай био­органикалық тыңайтқыштар қолданыла бас­тамақ. Әлемдік нарықта соңғы 10 жылда био­органикалық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту жұмыстары Еуропада 40 пайызды құрайды. Бұл өз кезегінде, аталған өнімдердің дүние­жүзіне қажеттілігін көрсетіп отыр.
Айта кетерлігі, зауыттан шығатын биотыңайт­қыш­тарды пайдаланып өсі­рілген ауыл шаруа­шы­лығы өнім­деріне халықаралық сапа сертификаты мен «Халал» стандарт сертификаты беріледі. Бұл қазақстандық өнімдерді әлем нарығына еш ке­дер­гісіз экспорттауға үлкен мүмкіндік береді.

Ибраш ТҰРЫМБЕТ

526 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы