• Өндіріс
  • 11 Ақпан, 2016

ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту арқылы дәрі-дәрмектің импортын азайту мақсатында «Химфарм» АҚ индустриаландыру картасы арқылы өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Төрт кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған жобаның бүгінгі таңда құны 5,8 млрд. теңге болатын бірінші кезеңі іске қосылған.

Польшалық инвесторлардың қаржылай қол­дауының нәтижесінде инъекциялық және ин­фузиялық ерітінділерді өндіретін цех салынды. Жаңа өндіріс орны 350 млн. дана ампула мен инъекциялық ерітінді, 4 млн. пакет инфузиялық ерітінді, 40 млн. антибиотикті шөлмек және 1 млрд. дана таблетка өндіруге қауқарлы.
Жобаны жүзеге асыру арқылы 500 жаңа жұмыс орны ашылып, кәсіпорын өткен жылы құны 3479,0 млн. теңге болатын дәрі-дәрмек өндірген. Мемлекеттік сатып алудағы 45% үлесімен компания отандық нарықта жетекші орынға ие және Santo Member of Polpharma Group компаниясы топтамасының мүшесі болуына байланысты технологияларды жетілдіріп, әлемдік стандарт деңгейіне жету мүкіндіктері бар. Осылайша кәсіпорын Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың ішінде бірінші болып залалсыздандыру өндірісінің тәжірибесіне қатысты (GMP) сертификат алды. Жобаны жүзеге асыру үшін Польша Республикасының инвесторлары тартылды.
Қазіргі таңда зауыт 200-ден астам дженерик және 12 фармакологиялық топтамадағы капсула пішінді таблеткалар, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, шәрбәт, тұмба, май, сүртпе май, гелдер, линимент, суппозиторий, су және спирт ерітінділері сияқты ерекше дәрі-дәрмектерді өндіреді. Барлық өндірістік процестер автоматтық тестілеуден және микробиологиялық тазартудан өтеді. Түпкілікті өнімнің сапасы замануи аналитикалық құрылғылармен жабдықталған компанияның зертханасында бақыланады.

Ислам Асфендияр

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы